Понедельник
29.04.2024
16:41
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 10 » ФЕТОПЛАЦЕНАРЛЫҚ ЖЕТIМСIЗДIК: осы заманғы зерттеу және емдеу тәсiлдерi
19:56
ФЕТОПЛАЦЕНАРЛЫҚ ЖЕТIМСIЗДIК: осы заманғы зерттеу және емдеу тәсiлдерi

БҰЛ ҚАНДАЙ КЕСЕЛ?

ФЕТОПЛАЦЕНАРЛЫҚ  ЖЕТIМСIЗДIК дегенiмiз iштегi шарана жолдасының (плаценттiң) трофикалық, эндокриндiк, метаболикалық қызметiнiң бұзылуынан туындайтын кеселдi жағдай, патофизиологиялық үдерiс. Бұл оның – жолдастың ана мен шарана тәнi арасындағы зат алмасуға к˜өмектесу қабiлетiнен айырылуы.

НЕ ЗАЛАЛ КЕЛТIРЕДI?

Жүктiлiк барысындағы бүкiл асқыну, ауру сырқауға осы фетоплаценарлық жетiмсiздiк себеп болады. Бұған қазiргi медицина ғылымы анық-қанық кө˜з жеткiзiп отыр.

НЕ СЕБЕПТI ПАЙДА БОЛАДЫ?

ФПЖ-ға (фетоплаценарлық жетiмсiздiкке) соқтыратын себептер қатарына аяғы ауыр әйел жасының 18-ден тө˜мен немесе 32-ден әрi болуы, темекi тарту, арақ-шарап iшу жатады. Сол сияқты реттi-ретсiз дәрi қабылдай беру мен жүктiлiк кез бен босану уақытында түрлi кеселдерге ұшырау қаупiн туғызатын акушерлiк анамнез де, яғни акушерлiк себептер де ФПЖ-ға алғышарт жасайды. Плацентарлық жетiмсiздiкке әйел тәнiндегi белгiлi бiр кеселдер де қозғау салады. Олардың қатарында мынадай ақауларды атаған ж˜өн: гестоз, экстрагениталдық сырқаттар, инфекциялар, гормондық түрлi ауытқулар, жиi және ˜өз бетiмен жасалған жасанды түсiк, шала туу, ерте байқалған жерiктiк (токсикоз), жолдастың орналасуындағы ауытқу, жатырдағы iсiк т.б. кемшiлiк.

ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

Осы күнгi зерттеу тәсiлдерi фетоплацентарлық кеселдi жүктiлiк барысында анықтауға мүмкiндiк бередi. јөйтiп шарананың құрсақта гипотрофияға, созылмалы гипоксияға ұшырамай, кенжелемей дамуына жол ашады. ФПЖ-ны анықтаудың қазiргi заманғы тәсiлдерi деп мыналарды айтамыз:

АЯҒЫ АУЫР КЕЛIНШЕКТIҢ ЖҮЙЕЛI БАҚЫЛАУҒА АЛЫНУЫ

ШАРАНАНЫҢ ЖОЛДАСЫН ГОРМОНДЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

   Бұл реттегi к˜өрсеткiштер жүктiлiктiң әсiресе 30-аптасынан кейiн айырықша маңызды. Несепте эстрадиол экскрециясы неғұрлым аз болса, шаранада гипоксиялық жағдай солғұрлым айқын болғаны, оның жүрек соғысы жиi ө˜згерiп тұрады. Эстриол экскрециясының деңгейi шарананың гипоксияға ұшырағанынан клиникалық белгiлер байқалмай тұрып-ақ хабар бередi.

АМНИОСКОПИЯ әдiсi шарананың бойындағы түрлi ө˜згерiстi оның тө˜ңiрегiндегi судың м˜өлшерiне, тұнықтығы мен түсiне қарап айыруға жағдай жасайды. Бұл судың жасыл түске енуi шарананың гипоксияға ұшырағанының белгiсi.

Шарананың кеселге ұшыраған, ұшырамағанын бiлудiң теңдессiз тәсiлi – УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУ. Ұрық ауқымының жүктiлiктiң соңғы айында екi сантиметрге дейiн жұқаруы немесе бес сантиметрге дейiн қалыңдауы плацентарлық жетiмсiздiкке шалдыққанын к˜өрсетедi.

КАРДИОГРАФИЯ шарананың жүрек қызметiн, жатырдың тарылуын нақты бiлуге мүмкiндiк туғызады. Ультрадыбыстық доплерометрияның кө˜мегiмен жатыр жолдас шарана жүйесiндегi қан тамыры айнақтарындағы қан ағысы ˜өлшенедi. Сондықтан оның нақтамалық (диагностикалық) және болжамдық маңызы зор. Ультрадыбыстық доплерометрия iшiндегi шарана қатерлi күйдегi әйелдердiң жай-күйiн қадағалауға таптырмайтын тәсiл.

ЕМДIК ШАРАЛАР

Кешендi зерттеу әдiстерi шақалақтың гипоксияға қаншалықты ұшырағанын анықтап, ФПЖ-ны асқындырмай емдеуге жәрдемдеседi. Емдiк шаралар мыналардан тұрады:

- Жағымсыз факторларды болдырмау

- ФПЖ-ға себеп болып тұрған негiзгi кеселдi емдеу

- Фетоплацентарлық жүйедегi қан ағысы мен зат алмасуды жақсартату шаралар 

Қысқасы ФПЖ-дан айықтыруға бүгiнде толық жағдай бар.

Радха Сейдалымқызы ӘРIПОВА

Просмотров: 860 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей