Понедельник
29.04.2024
13:48
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Ноябрь » 6 » ГАЛИТОЗ
14:30
ГАЛИТОЗ

    ГАЛИТОЗ

    Бұл - медициналық термин. Қазақ мұны ауыздың иістенуі, ауыздан иіс шығуы дейді. Ауыздың көбінесе, иістенуіне оның шырышты қабығының, қызыл иек пен тісттің қабынуы, сондай-ақ ішкі ағзалардың ауруға шалдығуы себеп болады. Мұндай жағдайда ауыздағы иіс оның ішіндегі әйтпесе ішкі ағзалардағы осыған себеп болып тұрған негізгі кеселді емдеп, жазғаннан кейін ғана кетеді.

     Ауыздан иіс шығуымен біздің бәріміз де күнделікті кездесеміз. Осы қолайсыз жағдайдың салдарынан қайсы біреулерімізге жұртпен сөйлесіп, жақындап – жуықтаудың өзі тауқыметке айналады. Кейде адамның ортадан аулақтауына өзімен-өзі тұйықталуына бұл да себеп болады. Галитоз біреулерде тұрақты түрде, ал енді біреулерде қарын ашып, ашыққан кезде, әйтпесе тамақтанғаннан кейін пайда болады. Аузынан иіс шығатын, аузы иістенетін адам, әлбетте, міндетті түрде тіс дәрігеріне баруға тиіс.

      Алайда жұрттың көпшілігі стоматолог маманға көрінуді қаражат тапшылығына немесе уақыттың жоқтығына байланысты кейінге ысыра береді. Жағымсыз иісті әртүрлі хош иісті құралдарды пайдаланып немесе сағыз шайнап басуды әдет етеді. Бұл, әрине, иісті кетірудің тұрақты жолы емес. Оның үстіне галитоз ауыздағы жағдайдан, ауыздағы кеселден ғана емес, мақаланың басында айтқанымыздай, ішкі ағзалардың сырқаттануынан болуы да әбден мүмкін.

 

ЖАҒЫМСЫЗ ИІС ТУҒЫЗАТЫН СЕБЕПТЕР

     Әлгінде айтқанымыздай, бұл кесел көбіне ауыздың гигиеналық жағдайынан туындайды. Яғни, ол ауыздағы бактериялар тіршілігі салдарынан пайда болады. Ал олар ауыздың шырышты қабығын, қызыл иек пен тіс қабын мекендейді. Ауыздағы бактериялардың өсіп-өнуіне шырышты қабықтың және тістің жегі (кариес), пародонтит, пародонтоз, гингивит, стоматит, оның ішінде герпестік стоматит секілді сырқаттары себеп болады. Сондай-ақ, галитоз ауыздың шырышты қабығының құрғауы салдарынан туындауы да мүмкін. Оған сілекейдің бөлінуінің азаюы, ауызды ашып ұйықтау, ауыз арқылы тыныстау, темекі тартып, арақ ішудің септесетін кезі аз емес. Кейде сарымсақ, жуа жеп, кофе ішкеннен кейін де ауыздың иістенуі ықтимал.

     Галитоздың ішкі ағзадағы сырқаттардың салдарынан пайда болуы мүмкін екенін жоғарыда айттық.

Ондай кеселдердің қатарына мыналар жатады:

 • Тыныс жолының бронхоэктаз сияқты аурулары мен өкпенің абсцесі;

• Асқазан - ішек жолының сырқаттары, оларға гастрит, гастродуоденит, асқазан жарасы және басқа да науқас түрлері жатады;

• Мұрын ішінің тонзиллит, ринит сияқты созылмалы қабыну кеселдері;

• Бүйрек жұмысының жетімсіздігі, азотемия. Ондайда ауыздан аммиактың, несептің исі шығады.

• Диабеттік кетоацидоз, мұндайда ауыздан жеміс дәміндей тәтті иіс шығады.

 

АУЫЗДАН ШЫҒАТЫН ИІСТІ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ

Егер галитоздың себебі ауызға дұрыс күтім жасалмауы, гигиеналық талаптардың сақталмауы болса, онда дұрыс тіс қылсабын сатып алып, ауызды жүйелі түрде мұқият тазалауды әдетке айналдыру керек. Ал ауыздан шығатын иіс ауыздағы әйтпесе ішкі ағзалардағы ауруға байланысты болған жағдайда стоматолог - дәрігерге әйтпесе басқа да салалық дәрігер-мамандарға көріну керек. Себебі, галитоз, түптеп келгенде, ауыз іші мен ішкі ағзаларда пайда болған сырқаттың салдары, соның хабаршысы ғана. Сағыз шайнап, хош иісті заттар пайдаланғанмен, олар ауыздағы иістің түпкі себебін жоя алмайды. Біраз уақыт басылғанмен, ауыздың иістенуі, ауыздан иіс шығуы одан әрі жалғаса береді. Галитоздың алдын алудың да, одан біржола құтылудың да, негізгі шаралары ауызды мұқият тазалап тұру мен оның ішіндегі кеселдерді және ішкі ағзалардағы ауруды анықтап, емдеп - жазу болып табылады.

 

Просмотров: 2249 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Архив записей