Вторник
30.04.2024
10:29
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июль » 20 » ГИПЕРТОНИЯ
21:04
ГИПЕРТОНИЯ

ГИПЕРТОНИЯ

Күретамыр  гипертониясы өте кең тараған аурулардың бiрi. Оның пайда болуына ашуланшақтық, күйгелектiк, күйзелiс (стресс), долылық, торығу, тұқым қуалаушылық, тұзды тамақты көп iшіп-жеу, семiрiп кету, шылым шегу, аз қимылдау, басқа да көптеген факторлар әсер етедi.

Күретамыр гипертониясына шалдыққанын, көбінесе, науқас адамның өзi бiлмей қалады. Өйткенi қан қысымының бастапқы кезеңінде секем алардай ерекше белгi  сезiле қоймайды.

 Ілкі сырқаттанғанда кiсi көбiне тiптi ешқандай  ауыртпалық аңғармайды. Анда-санда басы ауырып, құлағы  шулайтынына, ұйқысы  бұзылып, еңбек қабiлетi төмендегенiне  мән бермейдi.Ал, бұлар  күретамырлық қан қысымының  бастапқы  белгiлерi болып саналады.

Аурудың екiншi кезеңiнде  бастың жиі ауыруы, айналуы пайда болады, ентiгу мен жүрек тұсы ауыруы көрініс береді. Жүрек айнып, құсу мүмкiн, көз нұры кемiп, тыныс тарылады, ұйқы басып-қол  қалтырап,  таңдай кеуiп, екi бет  қызарады. Күретамырлық  криз пайда болуы ықтимал.

Үшiншi кезеңiнде қан қысымы шырқау  шегiне  жетедi де, сол күйi қалады. Кеселдiң жоғарыда  аталған белгiлерi күшейе түседi.

Сақтана  бiлген жағдайда гипертония ауруына шалдықпауға  болады. Ол үшiн кiсi  ең алдымен ˜өз көңiл  күйiне  ˜өзi иешiлiк етуге,  ренiштен,  ашудан  аулақ болуы тиiс. Қандай қиын кезде  де бәрiн  сабырға  жеңгізіп,  жүйкенi  тынықтыра  бiлу керек.

Екiншiден, дұрыс  тамақтанып, дене еңбегiмен көбiрек шұғылдану талап  етiледi. Дастарқан мәзiрiндегi құнарлы  (калориясы күштi), тұзы ащы тағамдарды  азайтып, ˜өсiмдiк тектес тағамдарды  көбейту шарт. Үшiншi талап – шылым шегудi үзiлдi-кесiлдi доғару. Темекiден өз еркiмен  бой тарта  алмаған адам анабазин, цитизин, арнайы сағыз, т.б. дәрi-дәрмек қолдануы керек.

 Төртiншi талап күнделікті дене еңбегiмен  шұғылдану, жүрiп-тұрып, көп қозғалу. Бұл ретте осы ауруға шалдыққандарға арнайы  жаттығулар бар, оны дәрiгер  тағайындайды. Ал, жаяу жүрудi баршаға ортақ  амал десек болады. Бiрақ, оның ұзақтығы кiсiнi шаршатпайтындай болғаны жөн. Жаяу серуеннiң қатарына  жүгiруді де жатқызса болады. Тек бiр ескеретiн жағдай – оның  қарқынын  бiрден күшейтуге болмайды, мұнда  жылдамдықтан  гөрі жолдың  ұзақтығы  маңызды.

Күретамырлық қан қысымын өлшеу медицина  қызметкерлерiнiң  міндеті. Алайда оны әркiмнiң ˜өзi бiлуiнiң де  залалы жоқ. Қан қысымын отырғанда, жатқанда, түрегелiп тұрғанда  ˜өлшей  беруге болады.  Бiрақ, кiсiнiң көңiл-күйi  орнықты, жағдайы жайлы болуы тиiс.  Өлшеу бiр  ретпен  шектелмейдi, әбден  көз жеткенше 2-3 рет  қайталанады. Жалпы, өзiнiң күнделiктi,  қалыпты қан қысымын  кiм-кiмнiң де бiлгенi жөн.

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау  ұйымы  ұсынған қалыпты  жағдайдағы күретамырлық қан қысымы 140/90 мм сынап бағаны, шектi мөлшер 140/90 – 159/94. Күретамырлық  қан қысымы кезiнде  бұл көрсеткiш 160/95 және одан жоғары болуы да мүмкiн.

 

ОЛ ҚАЛАЙ ӨЛШЕНЕДІ?

Тонометрдiң манжеткасын шынтақтан екi см жоғары  орап, ауа шығаратын вентильдi бұрайсыз. Бiр қолмен сопақша алмұртты сығымдап, (қысып-жазып), манжетканың iшiне ауа  жiбересiз, екiншi  қолдың  саусағымен бiлек  тұсындағы күретамырды  басып, қан қысымын бақылайсыз. Күретамырдың соғуы  тоқтағанша осы шараларды атқарасыз. Одан әрi фонендоскопты  құлағыңызға киiп алып, оның ұшын  күретамы𠠘өтетiн шынтақ тұсына қойып, вентильдiң көмегiмен ақырындап манжет iшiндегi ауаны сыртқа шығарасыз. Сынаптың  деңгейi  төмендей бергенде, жүректiң соққан дыбысы естiледi. Бұл қан қысымының ең жоғарғы мөлшерiн көрсетедi. Ауа одан ары да ақырындап шыға бередi де, бiр мезгiлде дыбыс  тоқталады. Бұл сәт қан қысымының ең төмен деңгейiн бiлдiредi. Сонымен екi көрсеткiштi белгiлеп аласыз. Мысалы, 120/80 мм сынап бағаны.

Қорыта айтқанда, қан қысымын  жиi-жиi ˜өлшеп, күнделiктi кездесетiн стресстiк жағдайлармен күресе бiлсек, дене шынықтырумен айналысып, зиянды  әдеттерден аулақ болсақ,  көп қимылдасақ, табиғаттан алынатын азық-түлiктiң емдiк қасиетiн ұмытпасақ, гипертонияның алдын алуға  мүмкiндік бар. Бұл тілге тиек етілген қарапайым  шаралардың  септiгi тиеді деп ойласаңыз, қолданып көріңіз.

 

С. Каримова

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 629 | Добавил: Sakura | Теги: гипертония, артериальды гипертензия, жоғары қан қысымы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей