Воскресенье
28.04.2024
15:24
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Апрель » 12 » КӨКЖӨТЕЛ
15:11
КӨКЖӨТЕЛ

Көкжөтел – ауа арқылы таралатын көмей, кеңiрдек, бронхтардың қабынуымен сипатталатын жедел респираторлы ауру. Көбiнесе 1 жасқа дейiнгi балалар мен жаңа туған нәрестелер ауырады. Кейде оған үлкен адамдар да ұшырайды. Ауырған күннен бастап алғашқы бiр айға дейiн ол жұқпалы болып табылады. Қоздырғышы бактерия саналатын бұл ауру науқастың демi мен қақырығы арқылы тарайды. Әсiресе ауасы желдетiлмеген жабық, тар жерде көкжөтел қоздырғышы науқас адамнан сау адамға тез берiледi. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада төзiмсiз, балаға ол сирек те болса тұтынған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы жұғуы мүмкiн. Көкжөтелдiң жасырын кезеңi – 2 күннен 15 күнге дейiн. Әуелi жөтел, дене қызуының көтерiлуi, тұмау пайда болады. Бiрте-бiрте осы белгiлер күшейедi. Түнге қарай жөтел ұстағанда бала булығып қысылады, кейде құсуы мүмкiн. Мұндай жағдай 2 аптадан 2 айға дейiн созылады. Жөтел бәсеңдеп, булығу азайып, бала аурудан бiрте-бiрте айығады. Жас сәби (3 жасқа дейiн) мен әлжуаз жеткiншекте көкжөтел бронхитке, ˜өкпенiң қабынуына ұласуы ықтимал. Кейде ауру ересек адамдар мен вакцина егiлген балаларда жеңiл түрде ˜өтiп, ұстама жөтел болмайды. Бiрақ мұндай сырқаттар да ауру таратуы мүмкiн. Сондықтан егер бөбек жөтелсе дереу дәрiгерге қаратып, көкжөтелi бар-жоғын дер кезiнде айқындау қажет. Науқаспен жақын араласқан 7 жасқа дейiн сәбилер басқалардан бөлектенуге тиiс. Олар 14 күндей, ал егер сырқатпен бiрге тұрған болса 25 күнге дейiн балалар мекемелерiне жiберiлмейдi. Көкжөтелге шалдыққан бөбектi қалалық көлiкпен алып жүруге болмайды. Оны ұзақ уақыт таза ауада серуендеткен пайдалы. Жазда күнi бойы ˜өзi қанша қаласа, сонша, қыста күн 10 градустан суық болмаса және мұрнынан дұрыс дем алса 4-5 сағаттай сыртқа шығарады. Науқас жатқан бөлменiң ауасын ауық-ауық желдетiліп тұруы жөн. Сырқат баланың ас-суына да жіті көңiл бөлiнуi керек. Оны жиi, аз-аздап тамақтандыру қажет. Тамағы дәмдi, әрi ұсақтап туралған болуы тиiс (сорпа, iрiмшiк, көк˜өнiс езiндiсi, жұмсақ ет, т.б.). Сондай-ақ ойын да шипалық қызмет атқарады. Қызықты ойынға алданған баланың жөтелi бәсеңдей түседi. Жөтел қысқан кезде ата-ана үрейленбеуi, бөбектi шошытпауы тиiс. Нәрестенi ондайда қолға алып, көтерiп, үлкендеулерiн отырғызып, басын сүйеп тыныштандырады. Бала аурудан әбден айыққанша дәрiгердiң бақылауында болады. Сырқат жатқан бөлмеге кейiн арнайы дезинфекция жасаудың қажетi жоқ, тек жақсылап желдетiп, ылғал шүберекпен сүртсе жетедi. Жеткiншек көкжөтелге қарсы алдын ала егiлсе, ауыра қалғанның ˜өзiнде жеңiл өткередi. Балалар мекемелерiнде перзентхана мен демалыс орындарында көкжөтел ауруы тiркелсе, 14 күнге карантин жарияланады. Науқаспен қарым-қатынаста болған балалар және осы жерлерде жұмыс iстейтiн ересектер жоғарғы тыныс жолынан шырыш алу арқылы тексерiледi. Көкжөтелге қарсы бiрден-бiр шара АКДС вакцинасы. Оны екi айлық кезден бастап арасына бiр-бiр ай салып, үш рет (2,3,4 айда) егедi. АКДС вакцинасымен қайта егу (көкжөтел, күл, сiреспе ауруларына қарсы) 1 жас 6 айда жүргiзiледi.

С. Каримова

Просмотров: 1971 | Добавил: Sakura | Теги: кеңiрдек, көкжөтел, жедел респираторлы ауру, бронхтардың қабынуы, көмей | Рейтинг: 2.0/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей