Понедельник
29.04.2024
16:12
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 10 » КҮН СЫЙЛАҒАН “ӘШЕКЕЙ”
17:33
КҮН СЫЙЛАҒАН “ӘШЕКЕЙ”

        Секпiл аталатын осы бiр ноқат-ноқат қоңыр дақтар әсiресе күн ысыған кө˜ктем, жаз маусымдарында қалыңдап әрi айқындала түседi. Сол себептi де оның медицинадағы атауы — эфелид. Грекшеден аударғанда бұл "күн сыйлаган әшекей",  күн ерiнiнiң таңбасы" дегендей мағына бередi.  Бүгiнгi әңгiме "күннiң сүйiктiсi" болудың себебi, одан сақтанудың жолы жайында.

       Ғылым секпiлдi тәннiң терiге ө˜ң-түс беретiн қызметiндегi кiнаратты жағдайдың к˜өрiнiсi, яғни калыпты күйден ауытқу деп бiледi. Ол адамның ˜өңiне, жалпы терiсiне қоңыр рең үстейтiн — меланин атты заттың денеге тұтас тарамай, әр тұс — әр тұсқа нүкте-нүкте болып шоғырланып калуынан, нүкте-нүкте күйде түйдектелу, жинақталуынан пайда болады. Меланин — күннiң ультрафиолеттi сәулесiнiң әсерiнен түзiлетiн амин қышқылдарынан, оның iшiнде ақ уыз (белок) бiткеннiң бәрiнiң дерлiк құрамына енетiн — тирозиннен тұрады. Секпiлдi күнге күйген терiмен салыстыруға болады. Тек бұл "загар" денеге, ˜өңге тұтас тарамай үзiк-үзiк, шұқымақ-шұқымақ калыпта әр жер — әр жерде қалып қояды.

       Медицина секпiлдiң қалың әрi бояуы қанық болатын кезi жиырма-жиырма бес жастың аралығы деп есептейдi. Одан әрi ол кө˜бейе калған күннiң ө˜зiнде ˜өңi бозғылт тартып, к˜өзге оншалық бiлiне бермейдi. Секпiлдi тұқым қуалайды деген болжам айтылады. Күз, қыс кезiнде жө˜ндi байкалмай к˜өктем мен жазда жаңадан пайда болғандай көрiнетiнi болмаса, ол негiзi ешқайда кетпейдi.

      Өңiнде секпiлi бар адамға әсiресе к˜өктемге қарай айырықша күтiнуге тура келедi. Бұл кезде құрамында С (дәруменi) бар тағамдарды молырақ жеуге ден қойған дұрыс. Ол (С дәруменi) алма, апельсин, лимон, тұздалған қырыққабат сияқты жемiс, к˜өк˜нiс түрлерiнде мол. С дәруменiне бай тағамдар тапшы болған жағдайда оны таблетка түрiнде кабылдауға болады. 1-1 жарым грамдық таблетка түрiндегi С витаминi күнiне үш мезгiл тамақтың алдында iшiледi. Ал 0,01 грамдық РР витаминiн күнiне үш рет тамақтан соң iшкен дұрыс. Бұл емнiң бiр кезеңi (курсы) үш аптаға созылады. Содан кейiн араға бiр апта үзiлiс салынып, екiншi рет қайталанады (ем кезеңi). Үшiншi рет қайталаудың, яғни, осы аталған дәрумендердi үш кезең (әр кезеңi екi-үш апта) iшудiң де зияны жоқ.

     Косметологтар секпiлдi тежеуге қиярдан, лимоннан соқта жасап тартудың да пайдасы зор деп есептейдi. Бұл ˜өсiмдiктердiң сө˜лiнде терiдегi дақтың ө˜ңiн тайдыратын қасиет бар. Жалпы жемiс қышқылы, жемiстен б˜өлiнетiн қышқыл терiнi жаңғыртып, жасартатын кремдер құрамына қосылады. Ол терiнiң үстiңгi қабатына әсер етiп, беттегi дақты кетiредi.

       Терiнi баптап, ағартудың ең қарапайым тәсiлi – қиярдан соқта (маска) жасап тарту болып табылады. Ол үшiн оның қабығын аршып, ұсақтап турап, бетке бассаңыз жетiп жатыр. Кө˜к˜өнiстiң үгiтiп немесе сығып алынған сө˜лiн жағу да бет терiге ˜өте пайдалы. Сондай-ақ секпiлге қарсы лимон шырыны (лимон қышқылы емес) қолданылады. Оның шырпының басына оралған мақтамен әр секпiлге бiр-бiрлеп жағады. Соқта тартқаннан кейiн де, шырын жаққаннан кейiн де 20-30 минуттан кейiн беттi сумен шайып тастау керек.

      Кесеаяқтың тө˜рттен бiр б˜өлiгiне ашыған сүт құйып, үстiне кәдiмгi татымалдық хреннен жарты шай қасық, сұлы ұнынан бiр ас қасық қосып жасалған соқта да секпiл кетiретiн дәру саналады. Оны екi қабатталған дәкенiң арасына салып бетiңiзге 15-20 минут бассаңыз жетiп жатыр.

      Егер қараторы болуды қаласаңыз, жаңа ұнтақталған сәбiздiң шырынын сығып, бетiңiздi күнiне екi рет сүртiңiз. Кепкеннен кейiн зәйтүн майымен (оливковое масло) маска жасап жiберiңiз. Бiр ас қасық бал араласқан бiр стақан сәбiз шырынын күнделiктi iшiп тұрсаңыз да нәтиже арта түседi. Ал қараторы адамның бетiндегi секпiл бiлiнбейдi.

     Секпiлге қарсы аталған соқталармен қатар арнаулы кремдер қолданылады. Олардың әсiресе құрамында лаванда майы, титан, мырыш тотығы (окись титана и цинка) барлары ˜өте тиiмдi. Мамандар бұл ретте “Молочай” (“Сүттiген”), “Ахромин”кремдерiн ұсынады.

    Сутегi тотығымен (перекись водорода), пергидролмен шаюдың, ашыған сүт (айран, қатық, қаймақ) жағудың да беттегi секпiлдi кетруге пайдасы зор. Ашыған сүт ө˜нiмдерi жағылған беттi 20-25 минуттан кейiн сумен жуып тастайды.

     Секпiл аз және бәлендей бiлiнiп тұрмаса ө˜ңдi таңертең және кешкiлiк сiрке суымен (уксус) сүртудiң ө˜зi жеткiлiктi. Оны солай-ақ кетiруге болады. Сол сияқты жұқа секпiлге химиялық таза глицерин де әсер етедi. Ол шырпының басына оралған мақтамен әр секпiлге дара-дара жағылады. Осы емдi бiрнеше күн қайталағаннан кейiн терi құрғап, қабыршықтанады. Мiне, сол кезде “Ахромин”, “Молочай” секiлдi кремдердi жағасыз. Секпiл қашан кеткенше осылай қайталай бересiз.

    Беттегi дақты кетiретiн ендi бiр ем – кварц шамымен қыздыру. Оны арасына күн салып, яғни күнара, қашан терi түлей бастағанша қолданады. Бұл тек мамандардың бақылауымен жасалады. Және бiр қосып айтатын кеңес – ө˜ңiңiз секпiл түсуге бейiм болса, күн сәулесiнiң әсерiнен қорғайтын крем жақпайынша далаға шықпаңыз. Күнқағары (жиегi) үлкен қалпақ киiп, қолыңызға шатыр ұстап жүрiңiз.

С. Каримова

Просмотров: 1094 | Добавил: Sakura | Теги: секпіл, секпілдердің емі, секпілді қалай кетіруге болады | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей