Воскресенье
28.04.2024
00:18
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 6 » "Жазды күн шілде болғанда..."
16:48
"Жазды күн шілде болғанда..."

 

Жаздыгүнi қыз-келiншек атаулы ˜өкшесi ашық аяқ киiм киiп жүредi. Олай болса, ˜ендеше, аяқ-қолды қалай күткен жөн екен?..

Келiңiздер, кеңесе отырайық!

 

Әркелкi жетiлдiретiн маскаларды тек бет пен мойынға ғана емес, қолға да жасауға болады.  

Қол терiсiнiң күтiмiн жасау соншалықты қиын емес. Оған жағатын лосьонды үй жағдайында дайындауға болады. Ол үшiн бiр-бiр асқасық жолжелкен (подорожник), түймедақ (ромашка), календуладан ыдысқа салып, үстiне ыстық су құйып екi сағат бұқтырып қою керек. Содан соң қоспаны сүзiп алып, суына бiр ас қасық глицерин қосу керек. Қолыңызды күнiне 2-3 рет осы ˜өзiңiз әзiрлеген лосьонмен сүртiп жүрсеңiз, оның түрпiдей қалпынан ештеңе қалмай, жұмсарып шыға келедi. Лосьонға, глицериннiң орнына, 1 шәй қасық бал мен 30 г көлемiнде сары май қосуға да болады. 

Күстенiп, әбден мүйiз болып қалған қол үшiн бiр апта бойы мына маскаларды қолданған жөн:

1. Сәбiз маскасы  

Сәбiздi үгiткiштен ˜өткiзiп, оған 1 ас қасық ˜көлемiнде қаймақ пен тағы да сондай көлемде зәйтүн майын қосыңыз. Қолыңызды әбден тазалап жуып, осы тұнбаны жағып, салфеткамен бүркеп, сыртынан қолғап киiп алыңыз. 40 минуттан кейiн шайып тастайсыз.

2. Крахмал маскасы

Қабығымен пiсiрiлген екi картопты әбден езiп, осыған бiр стакан сүттiң 1/4 бөлiгiне 1 ас қасық зәйтүн майын қосыңыз. Бұны да сәбiз маскасы сияқты пайдаланасыз.

2 картоптан сұйық пюре жасап, оған глицерин мен лимон сөлiнiң бiрнеше тамшысын қосып, осы ботқаға қолыңызды 10-15 минут малып отырыңыз. Масканы пайдаланбас бұрын қолды жылы суға 2-3 минутқа батырып алғанның артықтығы жоқ. Ем қонымды болады. Бұл маскаға қырыққабат та жарай бередi. Қолдың терiсiн жұмсартуға әсiресе жолжелкен тұнбасы ˜өте тиiмдi, 1 ас қасық көлемiндегi әбден үгiтiлген жолжелкен жапырағын 1 литр суға бұқтырып, кейiн қолды осы тұндырмада 10-15 минут ұстау керек. Бұдан кейiн қолды әбден құрғата сүртiп, майлы крем жағыңыз.

Шынтақ терiсiн душтан кейiн күнделiктi уқалап, крем пайдаланыңыз. Дененiң бұл тұсын тұзды кiлегеймен де уқалап, жұмсартуға болады.

Тiзенiң терiсi қатайып кеткен жағдайда оған пияздан жасалған ботқа жағып, лейкопластырь жапсырып қойыңыз.

                                   

20 минуттан кейiн жұмсарған терiнi арнаулы қайрақпен қырып, тазартыңыз. Iзiнше жылы сумен жуып, күнбағыс, ˜әйтпесе сары май жағыңыз. Көп ұзамай тiзе терiсi әдеттегi қалпына келедi.

Өкше терiсiнiң тiлiнгенiн кетiру, оны кiрден тазалау - күрделi, ұзақ еңбектенудi керек етедi. Мұндайда сiзге әбден тазартылып жуылған кәдiмгi картоптың қабығы мен зығыр дәнi көмек жасайды. Осы екеуiнiң қосындысынан жасалған ботқаға аяғыңызды 15-20 минут батырып отырыңыз. Жарық ˜өкшеге бiрден бiр ем осы. Бұдан кейiн сол араны жылы сумен шайып, кептiрiп йодтың 2% тұндырмасын жарық жерге жағыңыз. Соңынан крем пайдаланыңыз. Шаршаған аяқты, 2 қасық жолжелкен жапырағы қосып қайнатылған, су ваннасында ұстасаңыз, жаныңыз жәй табады.

                                                                                                             С. КАРИМОВА

Просмотров: 781 | Добавил: Sakura | Теги: терінің құрғақтығын қалай емдеуге б, құрғақ тері, терінің күтімі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей