Воскресенье
28.04.2024
08:40
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Апрель » 12 » МИКРОБТЫҢ БӘРI “ЖАУ” ЕМЕС
15:54
МИКРОБТЫҢ БӘРI “ЖАУ” ЕМЕС

Соңғы кездерi ауызда, асқазанда, ішек жолдарында, терiде және басқа да ағзаларда эубиоценоздық дисбиотикалық бұзылушылық жиi кездесiп жүр. Неге бұлай дегенге келсек, ең алдымен, бүгiнде ˜өз ауруын ˜өзi “анықтап”, өзi “емдейтiндердiң” көптiгiн айтуға тура келедi. Антибиотиктердi де, гормондарды да, т.б. химиялық ем-домдық заттардың бәрiн дәрiгерге көрiнiп, “азаптанып”, “уақыт жiберiп” жатпай-ақ әркiм ˜өзi “тағайындап”, өзi қабылдай бередi. Сондай-ақ эубиоценоздық дисбиотикалық бұзылушылыққа дұрыс тамақтанбау мен дәруменнiң (витаминнiң) тапшылығы да қолайлы жағдай туғызып отыр. Осындай себептерден тәнде микроорганизмдердiң көбеюi немесе азаюы салдарынан пайда болған дисбаланс медицинада “дисбактериоз” деп аталады. Бұл сырқат ˜өте ұзақ әрi тиянақты емделудi керек етедi. Антибиотикпен емделiп, дисбактериозға ұшырау, әсiресе балалар үшiн ˜өте-мөте қауiптi. Өйткенi мұндай жағдайда асқазан және ішек жолындағы пайдалы микроорганизмдер жойылады да, ауру тудыратын шартты патогендi микробтар мейлiнше көбейедi.

САЛЬМОНЕЛЛА МЕН ШИГЕЛЛА

Ішек дисбактериозы кеселiн анықтау, кiсiнiң оған шалдыққан-шалдықпағанын тексеру - iшек дисбактериозын бактериологиялық нақтамалау (диагностикалау) әдiстемелiк нұсқауы бойынша жүргiзiледi. Осы мақсатта зерттеуге тiк ішектегi микробтар құрамы алынады. Себебi ондағы микробтар алуан түрлi әрi тұрақты, әрi зерттеу үшiн ˜өте ыңғайлы, қаражат та керек етпейдi. Атап айтқанда, тiк iшектегi нәжiстiң құрамындағы бактериялардың қатарына жұқпалы ішек ауруларын тудыратын микроорганизмдер (сальмонелла, шигелла), бифидобактериялар, лактобактериялар, ферменттiк қасиеттерi қалыпты жағдайдағы ішек таяқшалары, гемолиз тудырушы ішек таяқшасы, шартты патогендi энтеробактериялар (протей, клебциелла, цитробактер, т.б.), ауру тудыратын стафилококк (s.aureus), кандида тұқымдас уақ саңырауқұлақтар (грибки), энтерококтар жатады. Тиісті зерттеу кезінде бұлардың 1 г  нәжiсте қанша мөлшерi барлығы жіті анықталады. Денi сау адамның дәретiнде жұқпалы ауру тудыратын микроорганизмдер, сальмонелла мен шигелла,  мүлдем болмайды.

Сөз соңында тағы да қайталасақ, басыңыз ауырып, балтырыңыз сыздаса, ˜өзiңiзге ˜өзiңiз ем тағайындамай, дәрiгерге қаралыңыз. Антибиотиктер мен химиялық препараттарды қалай болса солай қолдансаңыз, алдыңызда дисбактериоз деген бiр дерт бар, оның қармағына iлiксеңiз, құлан-таза айығып кету сіз әуелгі ойлағандай оңайға соқпайды. Абзалы, ˜өзiңiздi ˜өзiңiз емдеймін, оп-онай сақайып кетемін деген ойдан аулақ болыңыз. Білікті дәрігердің жәрдеміне жүгініңіз.

С. Каримова

 

Просмотров: 721 | Добавил: Sakura | Теги: сальмонелла мен шигелла, бифидобактериялар, энтеробактериялар, ішек дисбактериозы, лактобактериялар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей