Среда
19.12.2018
09:12
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Меню сайта

Главная » 2014 » Апрель » 10 » МИКРОСПОРИЯ
22:06
МИКРОСПОРИЯ

Тері  мен  шаштың  ең  кең  таралған,  саңырауқұлақтық  және  өте  жұқпалы  ауруларының  бірі.  Дерттің  пайда  болуына  терінің  микротравмалары   қолайлы жағдай  туғызады.  Олар  арқылы   саңырауқұлақтың   тасымалдаушысымен   (үй  жануарларымен,  науқас  адамдармен)  қарым-қатынас  жасау  кезінде  саңырауқұлақ  теріге  енеді.  Саңырауқұлақтың  түріне  байланысты,  дертті  жұқтырғаннан  бастап,  аурудың  алғашқы  көрінісінен  бастап  5  күннен  2  айға  дейін  уақыт  өтеді. 

Алғашқы  кезде   теріде  ұсақ   түйіндерден,  көпіршіктерден  және  қабыршықтардан  құралған  валик  түріндегі   дөңгеленген  айқын  шеттері  бар,  қабыну  дақтары  пайда  болады.  Ошақтар  бір-бірінің  ішіне  орналасқан  бірнеше  сақина  сияқты  болуы  мүмкін.  Бастың   шаш  аймағындағы  ошақтардың  көлемі  үлкен,  ошақтағы  шаштар  6-8  мм  деңгейінде  сынып,  ақшыл-сұр   қабықпен  жабылған.  Мұндай  кезде  қас  пен  кірпіктердің  түсуі  де  жиі  байқалады. 

ЕМІ:  терінің  зақымданған  ошақтарын  йод  тұнбасымен   сүртіп,  одан  кейін  күкірт- қарамай, салицил  майларын  жағады.  Бастағы  шашты  қырып  тастау  қажет.  Шашты  алып  тастағаннан  кейін,  таңертең  йодтың  5  %   ерітіндісін,  кешке -  5%  салицил  майын  жағады.  Басты  күнделікті  жылы  сабынды  сумен  жуып  тұру  керек.  Жұқпалы  ауру  болғандықтан,  оны  міндетті  түрде  стационарда  емдеу керек.  Науқас  пайдаланған  жеке  заттарын  өзге  адамға  ұстауға  және  пайдалануға  тиым  салынады.

Просмотров: 959 | Добавил: Sakura | Теги: тері аурулары, микроспория, теміреткі, отбасы және денсаулық, денсаулық, отбасы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей