Понедельник
29.04.2024
16:01
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 4 » ОМЫРТҚААРАЛЫҚ ДИСКІНІҢ ЖАРЫҒЫ (грыжасы)
16:06
ОМЫРТҚААРАЛЫҚ ДИСКІНІҢ ЖАРЫҒЫ (грыжасы)

Омыртқааралық дискінің жарығы - омыртқа жотасының зақымдануы нәтижесінде пайда болатын омыртқааралық дискінің томпаюы.

ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

* Физикалық зорығу.

* Вибрация, мысалы, көлік жүргізу кезінде.

* Омыртқа жотасының ақаулары.

* Омыртқааралық буындар саңылауларының дұрыс орналаспауы.

* Омыртқа өзегінің туа біткен тарлығы.

* Аз қозғалу.

* Темекі тарту, семіздік.

 

АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ МОЙЫН БӨЛІГІНДЕГІ ДИСКІНІҢ ЖАРЫҒЫ 

* Мойынның артқы тұсындағы ауық-ауық қақсап ауыратын, бұлшық еттердің сіресуімен қосарласқан ауру сезімі. Ауру сезімі басты бұрған кезде және иекті кеудеге қарай жақындатқанда, сол сияқты жөтелген кезде күшейеді.

* Ауру сезімі қолға да беріліп, қол шаншып, ұийды.

ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ КЕУДЕ БӨЛІГІНДЕГІ ДИСКІНІҢ ЖАРЫҒЫ

* Кеуде және бел аймағындағы ауру сезімімен сипатталады. Жөтелген кезде және түшкірген кезде ауру сезімі күшейеді.

ОМЫРТҚА ЖОТАСЫНЫҢ БЕЛ БӨЛІГІНДЕГІ ДИСКІНІҢ ЖАРЫҒЫ 

* Белдегі ауру сезімі күш түскенде, орашолақ қимылдағанда немесе тоңғанда шығады.

* Кенеттен өткір ауру сезімі пайда болады. Қозғалған кезде, отырғанда, тұрғанда, ауыр зат көтергенде, еңкейгенде, бұрылғанда, жөтелгенде және түшкіргенде жай таптырмай ауыратын болады.

* Бел тұсындағы қозғалыстар белсенділігі төмендейді, ұстаған кезде ауырады және бұлшық еттердің сіресуі байқалады.

ЕМІ

КОНСЕРВАТИВТІ (отасыз): 

* Төсектік режим.

* Анальгетиктер.

* Тамыр препараттары.

* Дәрумендер.

* Жылы физиоем (өршу басылғаннан кейін).

* Жұмсақ корсет кию.

* Өршу кезеңі басылғаннан кейін үгу (массаж).

* Омыртқа жотасын созу.

* Емдік денешынықтырулар.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда-ақ - дәрігерге қаралу керек!

ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМ 

* Консервативті ем нәтиже бермеген жағдайда хирургиялық ем жасалынады.

 

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

* Дене жаттығуларын жасау, шынығу.

* Дұрыс тамақтану.

* Ауруды шақыратын жағдайларды жою (мысалы, ауыр заттарды көтермеу, шалт қимылдар жасамау).

 

 С. Каримова

Просмотров: 4644 | Добавил: Sakura | Теги: омыртқааралық дискінің жарығы, омыртқааралық диск жарығының емі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей