Понедельник
29.04.2024
17:26
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 16 » СОЗ (ГОНОРЕЯ)
21:07
СОЗ (ГОНОРЕЯ)

СОЗ  (ГОНОРЕЯ)

 

Жыныстық қатынас арқылы жұғатын бұл ауруды тап басып ажырата алмау, ажыратқан күйде де жолдас-жораның айтуымен ˜өзiңдi-˜өзiң емдеп, айығып кетуге болатындай кө˜рудiң аяғы оның асқынуына соғады. Сө˜йтiп сырқат осы күнi кө˜п әңгiмеленiп жүргендей, антибиотик дәрiгерлерге т˜өзiмдi сипат алады. Бұлай бармақ шайнап қалмау үшiн, әрине создан (гонорея) әркiм де хабардар жүруi керек. Сонымен...

 

Гонококктiңқызметi”

Жыныстық қатынас арқылы жұғатын бұл кеселдi, созды, тарататын бактерияны – гонококк деп атайды. Оның пошымы – кофенiң дәнi сияқты, к˜өзге тек микроскоп арқылы кө˜рiнедi.

Қалай жұғады?

Екi түрлi жолмен жұғады. Оның бiрi әлгiнде айтқанымыздай – жыныстық жол. Екiншiсi – тұрмыстық ауыс-түйiстер. Мәселен, созға шалдыққан, яғни гонококк таратушы, адаммен бiр тө˜сектi, бiр орамалды, бiр ванна, бiр әжетхананы пайдалану. Алайда сырқаттың мұндай жағдайда жұғуы ө˜те сирек.

Белгiсi қандай?

Ер адамның созға ұшырағаны оңай бiлiнедi. Сырқат кiсiмен тө˜сек қатынасында болғаннан кейiн 3-9 күн аралығында оның жыныс мүшесiнiң басынан iрiң аға бастайды. Ауруды асқындырмау үшiн науқас әне-мiне деп жүрiп алмай сол бойда венеролог-дәрiгерге баруы керек. Әркiмдердiң айтуымен ˜өз бетiнше антибиотик қабылдап, ө˜зiн-ө˜зi емдеген адам созды асқындырып, гонококктың дәрiге тө˜зiмдiлiгiн арттырып тынады. Себебi аурудың толық жазылған-жазылмағаны тек зертханалық жолмен анықталады. Әйел адамның бойынан создың анықталуы ерлерге қарағанда әлдеқайда күрделi. Гонококк әйелдiң сыртқа жыныс ағзасына, қынапқа ешқандай зардап келтiрмейдi, одан бiлiнбейдi. Қоздырғыш 80-95 пайыздай жағдайда шырышты қабықпен жатыр мойынының безiн, несеп жолын, 10-20 пайыздай жағдайда қынап ауызындағы үлкен без – бартолин безi мен тiк iшектiң ауызын зақымдайды. Соз кө˜бiнесе несеп жолына зардабын тигiзедi. Ол түзге отырған кезде дызылдап аурады. Алайда суықтың, салқын тигеннiң әсерi шығар, – деп оған ешкiм мән бере қоймайды. Сырқат тiптi жатырға, жатыр түтiкшесiне, аналық без бен құрсаққа жайылғанша байқалмауы ықтимал. Науқас iштiң тө˜менгi тұсы ауырып, дене қызуы кө˜терiлгенде барып, бiрақ сезiлуi ғажап емес. Кейде iш қатуы да (запор) мүмкiн. Соз кезiнде жатыр мойыны зақымданатындықтан кө˜кшiл-сарғыш сұйық б˜өлiнедi. Бiрақ ондай белгi мен ауыру сезiмi қынап немесе бартолин безi қабынған кезде де бола бередi. Сондықтан мұндайда гонорея деп сезiктене қою қиын.

Емделмесе не болады?

Создан уақылы емделмеу бедеулiкке ұрындыратын кезi аз емес. Әйелдерде бұл жатыр түтiкшелерi қабырғаларыны ңештеңе ˜өткiзбей, жабысып қалуы салдарынан болады. Гонококк iштегi шарана үшiн де қауiптi. Жүктi әйел одан емделiп, айықпаған жағдайда бактерия нәрестеге берiледi, оның к˜өз алмасының шырышты қабығын зақымдайды. Тиiсiнше ем қолданылмаса, ондайда нәресте зағипқа, су қараңғы соқырға айналады.

Создан емделмей, iрiң тоқтаусыз аға берсе, сыртқы жыныс мүшесiнде сүйел тәрiздес ө˜скiн – кондилома түзiледi. Бiрдеңе жұғысты дегенше, қанталап, талаурап шыға келетiн кондилома сүйелiнiң˜ өздiгiнен кете қоюы қиын, одан тек хирургиялық ем ғана құтқарады.

Мұны есте сақтаңыз  

Жалпы, соз да, жыныстық қатынас арқылы жұғатын басқа ауруларда бастапқы кезде ж˜өндi сезiлмейдi. Сол себептi де ˜өзiңiзден әлдебiр кездейсоқ тө˜сек қатынасынан кейiн кө˜п ұзамай мынадай жай-күй байқалды дегенше, венеролог маманға кө˜рiнiңiз:

* Түзге отырған, дәретке отырған кезде ауру сезiнсеңiз;

* Жыныс мүшеңiзден, яғни қасаба мен қынаптан иiсi жағымсыз, түссiз сұйық бө˜лiнсе;

* Жыныс мүшесi бө˜ртiп, дуылдап, қышыса;

* Бел немесе шат ауырса;

* Тө˜сек қатынасы кезiнде ауру аңғарылса;

* Жыныс мүшесiнiң тiк шектiң тө˜ңiрегiнде iсiну әлде дақпайда болып, ауру сезiлсе;

* Дененiң қызуы кө˜терiлсе.

Өзiңiзден осындай қалып байқасаңыз, жыныстық қатынастан тиылыңыз. Тө˜сектес жұбыңызға ауруыңыз туралы ескертiп, маман дәрiгерге к˜өрiнiп, зертханалық тексеруден ˜өтудi талап етiңiз. Бұл одан басқалардыңда, ˜өзiңiздiңде қайтадан ауру жұқтыруыңыздың алдын алады.

С. КАРИМОВА

 

Просмотров: 1249 | Добавил: Sakura | Теги: гонорея, создың (гонореяның) емі, создың белгілері, соз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей