Қоздырғышы гонококк болып табылатын, етек қатынасы кезiнде берiлетiн ауру. Қазiргi кезде соз ең кең таралған бактериалдық инфекция болып табылады. Жыл сайын әлемде созбен 200 млн. артық адам ауырады. Ауру кейде, 1 пайыздан төмен жағдайда, тұрмыстық жолмен, жеке бас нәрсесiн ортақ пайдалану кезiнде де жұғады. Мысалы, дерттi адамның ысқыш, сүлгi, горшок, жаялық, төсек секiлдi заттарын сау адам пайдаланса, осы ауруды жұқтырады. Жаңа туған нәрестелердiң де созбен ауыратындары болады. Олар анасының құрсағынан шығу кезiнде аталмыш дерттi жұқтырады. Соз - көбiнесе, қоздырғыш енген жерiндегi қабыну процесiмен шектеледi. Осыған байланысты, генитальды (жыныс-зәр жолдарының), экстрагенитальды (тiк iшек, жұтқыншақ, ауыз, бадамша бездерiнiң (миндалины), көз ) және осы екеуiнiң асқынуы болып табылатын метастатикалық (таралған) түрлерi бар.
Ер адамдардағы соз ауруы
Бұл сырқат ерлерде көбiнесе зәр шығару өзегiнiң (уретраның) қабынуы түрiнде көрiнедi. Ауру орташа есеппен 5-7 күнге (кейде 1 аптадан 2-3 аптаға дейiн және одан да ұзақ) созылатын жасырын кезеңнен кейiн өршидi. Сырқаттың ұзақтығы 2 айға дейiн болса, ол жедел гонорея, ал ұзақтығы 2 айдан асса, созылмалы соз болып есептеледi. Соз дертiне шалдыққан кезде, алғашында, кейде адам ағзасында ешқандай өзгерiстер байқалмауы да мүмкiн. Ондай соз жасырын соз немесе гонококк тасымалдаушы деп бағаланады. Создық уретрит кезiнде зәр шығару өзегiнен сарғыш-жасыл түстi, кейде қан аралас iрiң бөлiнедi. Және зәр сындырған кезде шаншыған секiлдi ауру сезiмi пайда болады. 2-3 аптадан кейiн ем жасамай-ақ, аурудың көрiнiстерi бiртiн-бiртiн басылады. Осы кезеңде уретрадан бөлiнетiн iрiңнiң мөлшерi де азая түседi. Соз инфекциясы басынан бастап, аздаған болар-болмас қабынулармен, өзгерiстермен байқалатын кездерi де болады. Осындай кезде үрпiнiң iсiнуi мен қызаруының байқалмауы, болмауы да мүмкiн. Үрпiден аздаған шырышты, iрiңдi бөлiндi шығады, кейде ол бөлiндi таңертеңгiлiк немесе үрпiнi басқан кезде байқалады.
Создық уретриттiң асқыну жағдайы
Дер кезiнде емделмеген жағдайда мынандай асқынулар болуы мүмкiн:
* Баланопостит (жыныс мүшесi басының қабынуы)
* Эпидидимит (аталық бездiң қабынуы)
* Простатит (простатаның, қуық асты безiнiң қабынуы).
Әйел адамдардағы соз ауруы
Зәр шығару ағзаларының анатомиялық ерекшелiктерiне байланысты әйел адамдарда соз ауруы, көбiнесе, еш белгiсiз, бiлiмсiз өтедi. Соз инфекциясы кезiнде бөлiнетiн ақ бөлiндiлер өте аз мөлшерде көрiнiп, әйелдер оған, көбiнесе, тиiсiнше көңiл бөлмейдi. Сондықтан да соз дертiне ұшыраған әйелдердiң 90 пайызы дәрiгерге өз бетiнше келiп, қаралмайды. Әйелдерде соз зәр шығару және жыныс ағзаларының қабынуы түрiнде өтедi (уретрит, бартолинит, эндоцервицит, вестибулит, вульвит, вагинит, эндометрит, сальпингит, цистит, пиелонефрит, т.б.).
*Вульвит пен вестибулит кезiнде сыртқы жыныс мүшелерiнiң аумағында ауру сезiмi, күйдiру сезiмi және қышу пайда болады. Уретрит кезiнде жиi зәр сындыруға деген ниет жиi-жиi пайда болады. Зәр шығару ауру сезiмiмен қатар жүредi.
*Гонококктар жатыр iшiне енген кезде оның шырышты ( эндометрит) және бұлшық ет (метроэндометрит) қабаттарының қабынуына әкеп соғады. Осындай кезде науқастың жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы көтерiлiп, iштен төмен тұста толғақ тәрiздi ауру сезiмi пайда болып, етеккiр циклi бұзылып, жатыр iшiнен шырышты, iрiңдi немесе қан аралас бөлiндiлер шығады.
Осындай ауру белгiлерiн байқаған жағдайда - дереу венеролог дәрiгерiне тексерiлiп, соз диагнозы қойылған жағдайда, мiндеттi түрде емделу қажет. Бұл ауруды болдырмау үшiн, абзалы, тек бiр ғана серiктеспен жақын болу керек. Керiсiнше жағдайда, мiндеттi түрде сақтану құралдарын пайдаланған жөн.
С. Каримова
|