Понедельник
29.04.2024
15:27
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 10 » ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ БIР КЕҢЕС
16:54
ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ БIР КЕҢЕС

Күн кө˜зiнiң пайдасы

   Туберкулездiң  жұқпалы созылмалы ауру екенiн бiлмейтiн адам бұл күнде кемде-кем. Оның микробтары жай кө˜зге кө˜рiнбейдi, микроскоп арқылы ғана байқауға болатын ө˜те майда тiршiлiк иелерi. Сырқат қоздырғышының “жаны” сiрi. Қараңғы, ылғалды, лас б˜өлмеде бацилла айлап улы қасиетiн сақтай алады. Керiсiнше, күннiң кө˜зiнде бiрнеше сағаттан соң, қайнаған суда немесе дезинфекциялық құралдар қолданғанда бiрден қырылып қалады. Сондықтан ауру адамның тө˜сек-орынын, заттарын күнге шығарып үш сағаттай жайып қойған пайдалы. Сырқаттың киiм-кешегiн жуған кезде оны қайнатқан жө˜н. Туберкулез таяқшасы, әсiресе, ө˜кпе туберкулезiнiң жұқпалы (ашық) түрiмен ауырған адамның қақырығында к˜өп болады.

 

Сәл күйзелсең, қайта күшiне мiнедi

   Бацилла б˜өлмейтiн науқас кiсiден ауру жұқпайды. Алайда, туберкулездiң жабық түрiмен ауыратын науқас әрдайым фтизиатр дәрiгердiң бақылауында болуы керек. Өйткенi, ол сәл ауырып, к˜өңiл күйi нашарласа, тәннiң инфекцияға қарсыласуы әлсiреп, туберкулездiң бел алуы мүмкiн. Қақырығында бацилла пайда болған науқас дереу ауру тартушыға айналады.

 

Жұқтырмаудың жолын бiл

Туберкулез микробтары адам тәнiне әртүрлi жолдармен ө˜тедi. Өкпе құрт ауруымен ауырған адам жө˜телiп, түшкiрiп, қатты сө˜йлеп, күлген кездерiнде айналасындағы ауаға қақырық тамшыларын шашыратады. Мұндай ауаны жұту қауiптi. Егер б˜өлменi құрғақ сыпырғышпен сыпырып, шаңды құрғақ шүберекпен сүртсе немесе киiм-бұйымды бө˜лмеде қағып-сiлкiсе, онда ауаға шашыраған қақырық маңайдағы заттарға, еденге жабысып қалады да, шаңмен қайта ауаға кө˜терiледi. Сө˜йтiп, ауру таратады. Сырқат адам жеке басының гигиенасын дұрыс сақтамаса, қалай болса солай түкiрiп, қақырынса, тамағының, темекiсiнiң қалдығын кез-келген жерге тастаса онымен бiрге тұратын жас балалар туберкулездi тез жұқтырады. Мәселен, еңбектеп жүрген сәби қолын былғап, оны аузына апаруы әбден мүмкiн. Егер бала ауру адаммен бiрге жатса, бiр сүлгiмен сүртiнсе, бiр ыдыспен тамақ iшсе, оны науқас кiсi бағып-қақса, бетiнен сүйсе, сө˜зсiз, сырқатқа шалдығады. Сондай-ақ, ауру малдың сүтiн iшсе де бө˜бекке дерт жұғады. Сырқат адам әрқашан дәрiгердiң барлық ұсынысын бұлжытпай орындап, емделгенi ж˜өн. Дер кезiнде байқалса, туберкулезден де тез айығып кетуге болады. Бүгiнгi медицинаның ө˜кпе құрт ауруына шалдыққандардың барлығын дерлiк айықтыруға мүмкiндiгi бар.

Гүлсiм БУЕМБАЕВА

Просмотров: 684 | Добавил: Sakura | Теги: туберкулездің емі, туберкулез, туберкулез деген не, туберкулездан сақтану | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей