Понедельник
29.04.2024
15:35
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 16 » ТЫРНАҚ ТА БАП ТАЛҒАЙДЫ
11:08
ТЫРНАҚ ТА БАП ТАЛҒАЙДЫ

            Иә, күтiмi, бабы келiскен тырнақ та қыз-келiншектiң сәнiне сән қосады. Бұған алысқа ұзамай-ақ маңайыңызға, төңiрегiңiзде жүргендерге көз тастасаңыз да талай мысал табасыз. Ал тырнақтың сәнiн қалай тайдырмауға болады дегенде, тағы да дәрумендер (витаминдер) мен минералдар туралы айтуға тура келедi. Жалпы, тырнақ көркiңiзге көрiк қосып қана қоймай, дастарқан мәзiрiңiзден, қалай тамақтанатыныңыздан да хабар бередi. Шытынап, сетiнеген, бозарып, ˜өңсiзденген, өсуi тежелген тырнақ сiздiң iшiп-жегенiңiздiң де, соған сәйкес денсаулығыңыздың да “көкейге қонбайтынының”, әлде бiр кемiстiк, кiнәратқа кезiгiп тұрғанының белгiсi.

          Тырнақ та, тән де сәндi де әрлi болу үшiн қай жемiс, не тамақ жеген дұрыс? Диетологтарға құлақ түрiп көрейiк.

            * Сымбаты көз суыратын сүйрiктей тырнақтың иесi болғыңыз келсе, күкiрттi (сера) қоректен көз жаза көрмеңiз, – дейдi мамандар. Ал ол қайда бар дегенде, ауызға алдымен оралатыны пияз, қырыққабат пен қияр. Тамызда бұларды “тоя жеп” қана қоймай, жылдық қор жинап алсаңыз да қолыңыздан келiп тұр.

            * Тырнақ үшiн тағы бiр маңызды элемент - темiр. Ол оның көркiн де кiргiзедi, бiтiмiн де бүтiндейдi. Оны бұршақ дақылдас өсiмдiктiң бәрiнен табасыз. Тамыз туды деп, “шөппен” ғана шектелмей, малдың бауырын, жұмыртқаның сарысын жеп тұрыңыз. Темiрге олар да кенде емес. Сондай-ақ тамаққа әшейiн ұн емес темiр қосылған, темiрмен байытылған ұн пайдаланыңыз.

            * Тырнаққа да тәнге де аса қат элемент – йод. Ол ендi жемiс-жидек, көкөнiстен гөрi сүтте, теңiздiң балығында, содан соң боса болмаса йодталған тұзда мол.

          * Тырнақты мұқалтпайтын “мықтылардың” қатарында магний де бар. Оны iрi тартылған ұннан пiскен нан, құс етi, картоп сияқты жылдың қай мезгiлiне де ортақ дастарқан мәзiрiнiң сыртында, банан деген “жатжұрттық” жемiстен iздейсiз.

            * Тырнақ шытынамай, сетiнемей, сүйрiктей сымбатты қалпын сақтауы үшiн А,В,С, Н дәрумендерiнiң маңызы зор. А дәруменiнiң көзi – сәбiз. Одан қалды малдың майында, құстың бауырында, жұмыртқада, iрiмшекте мол. В дәруменiн жаңғақтан (орех), ақ саңырауқұлақ пен сыра ашытқысынан, С дәруменiн цитрус тұқымдас жемiстерден, алмадан, шырғанақтан (облепиха), Н дәруменiн (биотин) iрi қара малдың, құстың бауырынан, сыра ашытқысы мен ақ саңырауқұлақтан табасыз. Сондай-ақ сүйекке керек кальциiңiз тырнаққа да керек. Жемiс-жидек арасында оған iнжiр мен миндаль бай, негiзгi көзi – сүт пен сүт тағамдары, балық.

С. КАРИМОВА

Просмотров: 1097 | Добавил: Sakura | Теги: тырнақтың күтімі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей