Понедельник
29.04.2024
14:55
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 4 » ВАГИНИТТІҢ АНА МЕН ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
21:01
ВАГИНИТТІҢ АНА МЕН ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

 Жүктілік кезінде күрделі асқынуларға алып келетін өздігінен түсік, мезгілінен бұрын босану, ұрықтың құрсақішілік инфицирленуіне, фетоплацентарлық жетіспеушілікке, ұрықтың құрсақішілік гипоксиясын тудыратын әртүрлі инфекцияларымен шақырылатын және жоғары иммундық өзгеріске алып келетін аурулар кездеседі де және бұған дейін де кездескен. Құрсақішілік инфицирлену және инфекциясының кіру жолы арқылы этиологиясы әртүрлі вагиниттердің саны тұрақты жоғарғы көрсеткіш (босанған әйелдердің 26,4 – 35,4℅) көрсетеді. Құрсақішілік инфицирленуінен гестоз, ұрықтың құрсақішілік дамуының кідірісі, мезгілінен бұрын босану жиі дамиды. Соның ішінде мезгілінен ерте 40%, 30 аптаға дейінгі мезгілінен ерте босану 80% жағдайды көрсетеді. Құрсақішілік инфицирленумен кең таралған асқынулар, мезгілінен ерте босану, ауыр гестоз, ұрықтың құрсақішілік кідіруімен арасында байланыс бар екендігі клиникалық деректерде көрсетілген.

Вагинит – қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Қабыну өздігінен ауру болып саналмайды. Ол көп аурулардың себебі болып келетін кең таралған жалпы патологиялық процестердің бірі.  Қабыну – бұл тірі тіннің зақымдалуға жауабы.

Қынаптың қабыну аурулары Халықаралық жіктелуге енгізілген.  Диагноз қоюда, қынаптың қабыну ауруының критериінен басқа, себептерін анықтауымыз керек. Қынаптың қабыну процесі шартты патогенді флораның және жыныс жолдары арқылы берілетін аурудың көзі арқылы шақырылады. Әртүрлі эндогенді және экзогенді факторлардың әсерінен, ағзаның қорғаныш күші төмендейді. Шартты патогенді микробтар шартсыз патогенді микробтар қатарына өтеді. Зерттелген материалда қоздырғыштың саны 10⁴ КОЕ/мл-ден асса – айқын көрсеткіш, ал титрде 10³ КОЕ\мл-ден аз болса - микроб жиынтығы. Қабыну аурулары, патологиялық процесс шақыратын қоздырғыштың түріне байланысты,  арнайы және арнайы емес болып бөлінеді. В. П. Сметник және Л. Г.Тумилович арнайы қабыну ауруларын инфекциялар ( бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) және паразиттер деп екі топқа бөлді.  В. А. Краснопольтский және басқа да ғалымдар ( 1997ж.) жыныс ағзаларының барлық қабыну ауруларын арнайы емес және инфекциямен шақырылған жыныстық жолдары арқылы берілетін аурулар деп бөлді. В.В. Серов және басқа да ғалымдар (2003 г.) қабынудың әртүрлі жерде орналасуына қарай «арнайы» және «арнайы емес» деп бөлудің терең биологиялық мағынасы жоқ, қабыну процесінің кез келген түрі дамып келе жатқан белгілі бір фактордың әсеріне қайтарған жауабы және арнайы деп аталуға құқығы бар деп санайды.

Этиологиялық аспектіне қарай вагиниттер негізі инфекциямен байланысты. Қазіргі таңда қынап ауруларының екі анықтамасы бар:

Вагинит – бұл әртүрлі микроорганизммен шақырылған қынаптың шырышты қабатының инфекционды қабынуы. Бактериалды вагиноз – лактофлораның кенет төмендеуімен немесе болмауымен көрінетін, инфекционды қабынбаған синдром.

ДСҰ тағайындаған әдебиеттерде бактериалды вагиноз ана мен ұрықтың жағдайына және жүктіліктің ағымына әсер ететін инфекциялардың қатарына жатады. Жүктілік ағымындағы инфекцияны екі санатқа бөледі: жүктілік ағымына әсерін тигізетін және әсерін тигізбейтін. Жүктілік ағымына әсер ететін инфекциялар: бактериалды - бұлар зәр шығару жолдарының инфекциялары, сифилис, гонорея, хламидиоз, бактериалды вагиноз, В тобының стрептококтары, листериоз, туберкулез; вирусты – В және С гепатиті, жәй герпес вирусы, цитомегаловирус, қызылша, қызамық, АИВ; паразитарлы – трихомониаз, малярия. Жүктілік ағымына әсер етпейтін инфекция: қынап кандидозы.

Вагинит 90% жағдайда бактериалды вагиноз, трихомониаз және кандидоз инфекцияларымен бірге жүреді. Жүктілік кезінде бактериалды вагиноз мерзімінен ерте босануға жиі әкеледі. Осы инфекция қағанақ қуығының мезгілінен бұрын жарылуына, хориоамнионитке және босанудан кейінгі эндометритке әкелуі мүмкін. Жүктілік ағымында бактериалды вагинозды 20 аптаға дейін антибиотикпен емдеу - мезгілінен ерте босану қаупін төмендетуі мүмкін.

Бактериалды вагинозға тағайындалатын терапия: жергілікті терапия – клиндомицин 7 күн немесе гель метронидазолды 7 күн жергілікті қолдану. Бірақ бұл емнің сызбасынан әйелде рецидив беру жиілігі жоғары және өмір сүру сапасын төмендетеді.

Емделмеген жағдайда трихомониаз анасында жиі клиникалық белгілері байқалмайтын уретрит немесе циститтің дамуына алып келуі мүмкін. Жүктілік кезіндегі трихомониаз қағанақ қуығының ерте жарылуының және мезгілінен ерте босануының себебі болуы мүмкін. Жүкті әйел симптомсыз трихомониазбен емделген жағдайда мезгілінен ерте босану болмайды. Жүкті әйелдерің симптомсыз ағымында рутинный скрининг бойынша емделу тағайындалмаған. Трихомониаз симптомымен емдеу барысында әйелдерге – метронидазол per os – 2 г бірыңғай немесе 500 мгл-ден 2 рет күніне 7 күн бойы. Бірақ бұл емнің сызбасынан әйелде рецидив беру жиілігі жоғары және өмір сүру сапасын төмендетеді. Рецидив 25%-ды құрайды. Вагиниттің клиникалық көрінісімен ауыратын әйелдер саны өте жоғары және микроскоппен қарағанда көп мөлшерде лейкоциттер, кокктар анықталады. Кейбір әдебиеттерде авторлар бұл жағдайды арнайы емес вагинит деп қарастырады. Бактериологиялық зерттеуде микробтар қауымдастығы табылады. Әдебиеттерде вагинитті шақыратын микробтардың қауымдастығы антенатальды өлімге әсер етіп,ана мен нәрестеге қауіп тудыратыны жазылмаған. Жүктілік кезінде микробтар қауымдастығы симптомсыз бактериурия түрінде өтеді. Жүкті емес әйелдермен салыстырғанда жүкті әйелдерде өрлеуші инфекциясы қаупі жоғары, бұл мерзімінен ерте босану, нәрестенің құрсақішілік дамуының кідіруі және құрсақішілік өліміне әкеледі. Жүктілікке әсер ететін өзге инфекциялар цервициттермен қосарласа жүреді. Олар вагиниттермен жалғасын тауып, жүкті әйелдерді зерттегенде жиі хламидиоз, жай ұшық вирусы, цитомегаловирус анықталады.

Хламидиоз - жыныс жолымен берілетін ауру, симптомсыз жүреді. Цервицит - хламидиоздың жиі кездесетін клиникалық көрінісі. Хламидиоз жүктілік кезінде жоғары дәрежеде мерзімінен ерте босануға және нәресетенің құрсақ ішілік дамуына алып келеді. Ем жүргізілмеген жағдайда салмағы кіші нәресетелер туылады және неонатальды өліммен аяқталу қаупі жоғары. Инфекцияның анадан балаға берілуі 30-40 % жағдайда кездесіп және неонатальды конъюктивит пен пневмония дамуына алып келеді. Хламидиоз өзге де жыныстық инфекциялармен қатар жүреді.

Асқынбаған жыныстық хламидиоздың жүктілік кезіндегі емі:

Эритромицин күніне 500 мг 4рет 7күн бойы немесе Амоксициллин күніне 500 мг күніне 3рет 7күн бойы, Азитромицинді тағайындауға да болады. Рандомирленіп бақыланыған зерттеулердің көрсетуі бойынша антибиотиктермен емдегеннен кейін жағындыда 90% хламидия плацебомен салыстырғанда азаяды.

Жай ұшық вирусы нәрестелерде ауыр вирустық инфекцияны шақырады және аурушаңдық пен өлім саны жоғарлайды. Көп жағдайда инфицирлену босану кезінде босану жолдарымен өткенде жоғарлайды. Біріншілік жай ұшықтық вирус анадан балаға инфекция тудыру қаупі 33-50%, ал қайталану кезінде 1-3%. Біріншілік жай ұшықтық вирустың жүкті әйелдерде кездесу жиілігі 7-10%, осыған байланысты нәрестенің инфицирлену қаупі өте төмен.

Жүктілік кезінде біріншілік жай ұшықтық вирустың емі:

Ацикловирден басталады және жүктіліктің соңғы айларында жақсы көмектеседі. Клиникалық және лабораториялық зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, нәресте мен анаға улылық әсері дәлелденбеген. Жүктіліктің І және ІІ триместріндегі клиникалық көріністері жүкті әйелге кесар тілігін жасауға көрсеткіш болып табылмайды. Жыныстық ұшықтық вирус жүктіліктің кез келген мерзімінде қайталанса, босану қызметі басталғанда кесар тілігін жүргізуге көрсеткіш болып табылмайды. Жыныстық ұшықтық вирустың қайталануы жаңа туған нәрестеде ұшық дамуының көрсеткіші төмен. Жыныстық ұшық вирусы әйелдерде табиғи босану жолдары арқылы босанғанда зерттеу мәлеметтері бойынша ұшық вирусының берілу жағдайы 3% құрайды. Өзге зерттеулер бұл деңгейдің 0% болғанын көрсетеді. Көрсетілген зерттеуде жай ұшық вирусын тасымалдаушы 7046 әйел қатысқан. Осы әйелдердің ағзасында жай ұшық вирусына жүктілікке дейін антидене өндірілген, бірақ инфицирленген бала дүниеге келген жоқ. Сонымен қоса Нидерландыда жыныстық ұшық вирусының қайталануы бар әйелдер табиғи босану жолдары арқылы босанады (1987ж.), бұл кезде ұшық вирусымен туылған балалар саны өспеді.

Цитомегаловирус әйелдерде жүктілік болмай тұрып 6 ай бұрын инфицирленген болса, асқыну қатері төмен және 1% дан аспайды. Қазіргі таңда босануға дейінгі цитомегаловирусқа скрининг жасау толық нәтижелі болмайды, себебі нақты диагноз қою қиын, жүктіліктің соңы баланың инфицирленуімен аяқталады немесе инфицирленген балада ауыр асқынулар дамуы мүмкін. Бүгінгі күнге дейін анадан балаға берілетін инфекцияны толық жойып, алдын алатын ем анықталмаған және инфекцияның жатыр ішіне таралғаны туралы нақты дерек болмайды. Ескерте кететін жайт, бүгінгі күнге дейін инфекцияның эффективті емдік диагностикалық тәсілдері жоқ. Ганцикловир тератогенді және канцерогенді әсер ететін дәрілік препарат.

Қынаптық кандидоз жүктілікке әсер етпейтін инфекцияға жатады. Қынаптық кандидоз диагнозы қынаптан алынған микроскопиялық диагнозға сүйеніп қойылады. Диагнозды нақтылау үшін себінді орта қолданылады. Инфекцияның емі Флуконазол және жергілікті Клотримазол, Миконазол, Бетаконазол, Тиоконазол немесе Нистатинмен жүргізіледі. Инфекция жиі қайталанады, дәрілік препараттар қымбат тұрады. Бірақ есте сақтайтын бір жайт, ауыз арқылы қабылданған дәрілік заттардың әсері нәрестеге тигізетін зияны белгісіз.

Вагиниттер, көбіне, трихомониаз, бактериальды вагиноз, кандидоз, стрептококк және басқа да бактериальды қоздырғыштармен байланысты. Осылардың барлығы, кандидадан басқа,  жүктілікке әсер етеді.

Цитомегаловирус, жай ұшық вирусы, хламидиоз, цервициттердің туындауына әсер етіп, экзоцервициттер вагиниттермен қосарласып туындайды. Жүкті және босанған әйелдерде несеп зәр шығару жолының штамдарында грамм теріс бактерия саны бірден өссе, нәрестенің инфицирлену қаупі жоғарлайды. Осыған байланысты вагиниттің емі қазіргі таңда акушерияда өзекті мәселенің бірі.

С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің

Акушерия және гинекология мамандығы бойынша дәрігер-иріндері:

Алданазарова Мейрамгул, Елбергенова Баян, Танатарова Акниет, Шынтаева Сания

Просмотров: 2002 | Добавил: Sakura | Теги: цервицит, жай ұшық вирусы, қынаптың қабыну аурулары, бактериальды вагинит, қынаптық кандидоз | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей