Пятница
03.05.2024
06:38
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Апрель » 10 » ЖҮЙКЕЛІК АНОРЕКСИЯ
22:19
ЖҮЙКЕЛІК АНОРЕКСИЯ

Жүйкелік анорексия (неврогенді анорексия) қалыптан тыс ас қабылдау тәртібімен сипатталатын жағдай. Ол сыртқы әлпетті жақсарту талпынысының әсерінен пайда болып, эндокринді жүйе мен ішкі ағзалардың бұзылуына әкеледі. Бұл дерт көбінесе, жасөспірім қыздар мен бойжеткендер арасында көптеп кездеседі. Пайда болу себептері мен даму механизмі әлі толық зерттеліп болмаған құбылыс. Жыныстық жетілу кезінде эндокриндік жүйе жағынан реттеудің бұзылуы, адамның психикалық ерекшелігінің (өзіне өте жоғары талап қою), отбасы ішіндегі қарым-қатынастар ерекшеліктерінің (ананың баланы тым өбектеуі) маңызды ролі байқалады. Арықтауға әкелетін ашығу - ми қызметіне әсер ететін нейроэндокриндік және зат алмасу өзгерістеріне әкеліп, адам психикасындағы өзгерістерді шақырады. Арықтауға патологиялық талпыныс негізінде - дене пішініне риза болмаушылық, оны жақсарту мақсаты жатыр. Бұл ретте науқас, ең алдымен, кез-келген каллориясы жоғары тағамнан толық бас тартып, кейін бірте-бірте күндізгі ас мәзірінің көлемін шектей бастайды. Бойжеткендер, сонымен бірге дене жаттығуларымен айналысып, ішті жүргізетін және зәр айдайтын дәрілерді пайдаланып, жиі клизма жасайды. Дене салмағын жоғалтқан кезде (25-50 % дейін) ішкі ағзалардың жұмысы бұзылып, эндокриндік жүйеде өзгерістер дамиды.

Бірінші кезекте аменорея (етеккірдің болмауы), гипотония (қан қысымының төмендеуі), брадикардия (жүрек соғысының сиреуі) дамиды. Дене қимылының көп болғанына қарамастан, тоңғақтық, дене қызуының жоғарылауы, терінің құрғауы, іш қатуы байқалады. Науқастардың жартысына жуығы ұзақ ашығуға төзе алмай, тамақ ішкеннен кейін өздері құсуды шақырады. Кейде оларда булемия (тамақты шектен тыс, көп ішу) дамып, құсу соған да байланысты болып тұрады. Құсу кезіндегі жағымсыз сезімдер тез арада жойылып, керісінше, ағзаның "тазаруы" сияқты жағымды сезім пайда болады. Дене салмағының бастапқыдан 50 % дан көп жоғалуы кафексияның (тым арықтық) дамуына әкеледі. Сырқаттар өзінің жағдайын дұрыс бағалай алмайды, тері асты май қабаты ондай адамдарда мүлде болмайды, гипертрихоз (терінің түктенуі), терінің құрғауы, ісінуі, қан құрамының айқын бұзылыстары байқалады. Емделмеген жағдайда осындай қалып, өлімге әкеледі. Жүйкелік анорексияның 20 %-ы өліммен аяқталады. ДИАГНОСТИКАСЫ Жүйкелік анорексияға ерте кезеңде диагноз қою өте қиын. Науқастар өздерінің арықтау себебін жасырып, ұзақ уақыт бойы әртүрлі маман дәрігерлерден тексерілуден өтіп, емделеді. Дене салмағының жоғалуы күшейген кезде, әсіресе, бойжеткендер мен жас әйелдерде, басқа зерттеу әдістерінің сыртында, олардың тамақтану тәртібін бақылау қажет. Көбінесе, диагноз дене салмағы өмірге қауіпті дәрежеде болғанда, аурудың кеш кезеңінде диагноз қойылады. ЕМІ: Анорексиямен ауырған науқасты, оның дұрыс тамақтануын қадағалау үшін, міндетті түрде стационарға жатқызу қажет. Стационардан шыққан кезде науқастар ұзақ уақыт бойы психотерапевттің бақылауында болуы керек. Бойжеткендердің 1/3 бөлінде дене салмағы қалыптасқаннан кейін де етеккірі келмейді. Сондықтан, оларға гинеколог - эндокринологтың емі қажет болады.

С. Каримова

Просмотров: 1165 | Добавил: Sakura | Теги: анорексия, денсаулық, тамақтану, науқас, ауру, тәбет | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей