Понедельник
29.04.2024
20:36
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июнь » 4 » ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖЕКЕ БАС ТАЗАЛЫҒЫ
21:15
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ЖЕКЕ БАС ТАЗАЛЫҒЫ

 

Кез  келген  адам,  әсіресе  жүкті  әйел,  жеке  бас  гигиенасын  сақтауы  қажет.  Болашақ  ана, іштегі  нәрестенің  дамуында,  жүктіліктің  әр кезеңі  маңызды  екенін  түсінуге  тиісті.  Іштегі  нәресте  өте  сезімтал.  Сондықтан  да,  болашақ  ана  жүктіліктің  қалыпты  ағынын  ғана  емес,  сонымен  бірге  аман-сау  босанып,  дені  сау  ұрпақты  өмірге  әкелу  үшін  тері  мен  киімнің  санитарлық-гигиеналық  ережелерін  орындап,  еңбек  пен  демалыс,  тамақтану,  ерлі-зайыптық  өмірдің  тәртібін  сақтап  тұруы  қажет.  Осы  мақсатта  жүкті  әйелдің  мыналарды  білгені  жөн:

Жүкті  әйел  үшін  тері  тазалығының  маңызы  өте  зор.  Оны  таза  ұстамаудың  нәтижесінде,  терінің  қорғаныштық,  жылу  реттеу,  бөлу  және  басқа  да  қызметтері   бұзылады.  Тер  және  май  бездері  бітеліп,  жағымсыз  иіс  пайда  болады.  Тері  тітіркеніп,  оған  іріңді  жаралар  шығуы  мүмкін.  Іріңдіктердің  пайда  болуы  әйелге  ғана  емес,  іште  дамып  келе  жатқан  нәресте  үшін  де  қауіпті.

Теріні  таза  ұстау - терінің  тыныс  алуын  жақсартып,  ағзадағы  зиянды  заттардың  сыртқа  шығуына  тиімді  әсер  етеді.  Соның  нәтижесінде,  онсыз  да  жүктілік  кезінде  көп  салмақ  түсетін,  бүйректің  қызметі  жеңілдейді.  Әйел  неғұрлым  таза  жүрсе,  соғұрлым  терінің   бөлу  қызметі  жақсарып,  дені  сау  болады.  Таңертеңгілік  тек  беті-қолды  ғана  емес,  бүкіл  денені  жуып,  душ  қабылдап  тұрған  дұрыс.  Бұл   шаралар  жүйке-жүйесін  бекітіп,  қан  айналымды,  тыныс  алуды  жақсартады,  ағзаны  шынықтырып,  өзін  сергек  сезінуге  жәрдемдеседі.  Жатар  алдында  аяқ-қолды,  бет  пен  мойынды  міндетті  түрде  жуу  керек.   Аптасына,  ең  болмағанда,  бір  рет  суға  шомылу  шарт. 

Жүктілік  кезінде  ванналарды,  әсіресе,  ыстық  ванналарды  қабылдау  көрсетілмеген.  Бұлар  жүкті  әйелді  шаршатып,  әлсірете  түседі.  Жүктіліктің  екінші  жартысында  ванна  қабылдау  кезінде,  жыныс  ағзаларының  қабынуын  шақыратын микроорганизмдердің  қынапқа  еніп  кету  қауіпі  басым.

Бұрынғы  жүктіліктері  мезгілсіз  аяқталып  немесе  қан  кетуімен  асқынған  әйелдерге  жүктілік  кезінде,  әсіресе,  етеккір  күндеріне  сәйкес  кезеңдерде,  ванналар  қабылдауға  мүлде  болмайды.  Мұндайда  болашақ  аналарға  тек  душ  қабылдап  немесе  ваннаға  қойылған  сәкіге  отырып,  жуыну  қажет. 

Моншаға  баруға  тура  келсе,  мына  шараларды  қатаң  сақтаған  дұрыс:

*  Моншаға  таңертең,  соның  өзінде,  адам  аз  болғанда  және  тым  ыстық  болмаған  кезде  бару  керек. 

*  Отырып  жуынарда  алдымен  отыратын  орынды  ыстық  сумен  шаю    немесе  суға  түрегеп  тұрып  түскен  дұрыс. 

*  Осындай  кезде  қыздырынуға  әсте  болмайды:  бұл  жүктілік  ағымына  кері  әсер  етіп,   кейде  мезгілсіз  босануды  шақыруы  мүмкін.   

*  Жүктіліктің  соңғы  айларында  моншаға  баруға  тиым  салынады. 

Сыртқы  жыныс  ағзаларының  тазалығына  да  аса  көңіл  бөлінуі  қажет.  Ондағы  май  бездері  көп  бөлінді  шығарып,  ол  тұрып  қалатындықтан,  іріп-шіріп,  ауру  шақыратын  микробтардың  және  қабыну  ауруларының  дамуына  қолайлы  жағдай  туғызылуы  мүмкін.  Бұл  босануды  және  босанудан  кейінгі  кезеңді  асқындырып,  инфекцияның  зәр-жыныс  жүйесінің  жоғары  бөліктеріне  таралуына  жол  беріледі. 

АУЫЗ  ҚУЫСЫ  МЕН  ТІСТІҢ  КҮТІМІ

Ауру  тістер  инфекцияның  көзі  болып  табылады.  Мұның  өзі  жүктіліктен  кейінгі  ауыр  сырқаттардың  себепшісі  болуы  ғажап  емес.  Сондықтан  да,  тіс  дәрігеріне  барып,  ауру  тістерді   міндетті  түрде  емдеткен  дұрыс.

ЖҮКТІ  ӘЙЕЛДІҢ  КИІМІНЕ  ЖӘНЕ  АЯҚКИІМІНЕ  ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР

Жүкті  әйелдің  киімі  ыңғайлы,  кең,  жыл  мезгіліне  сәйкес  әрі  сәнді  болуы  шарт.  Тар  шалбарды  немесе  белді  қысатын  ішкиімді  киюге  болмайды.  Өйткені,  ондай  ішкиімдер  аяқтың  және  кіші  жамбас  ағзаларының  қан  айналымын  нашарлатады.  Нәтижесінде,  аяқ  ісініп,  аяқ  және  сыртқы  жыныс  ағзалары  көк  тамырларының  варикоздық  кеңеюіне  жол  берілуі  мүмкін.  Аяқ  көк  тамырларының  варикозды  кеңеюі  бар  әйелдерге  арнайы  серіппелі-резинкалы  шұлық  кию  керек. 

Аяқкиім  ыңғайлы,  бос,  өкшесі  аласа  болуы  шарт.  Босану  күні  жақындаған  сайын,  болашақ  анаға  еңкею  қиынға  түседі.  Сондықтан  да,  еңкеймей-ақ,  киіп-шешуге  оңай  болатын  аяқкиім  киген  дұрыс.  Дене  салмағының  өсіп,  буындардың  босаңсуы  нәтижесінде  әйелдерде  кейде  жалпақтабандық  пайда  болады.  Мұндай  асқынудың  алдын  алу  үшін,  арнайы  ұлтарақ-супинаторлары  бар  аяқкиімді  таңдаған  жөн.  

С. Каримова

Просмотров: 3053 | Добавил: Sakura | Теги: жүктілік кезінде сақтану, жүктілік, жүктілік кезіндегі тазалық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей