Среда
01.05.2024
10:09
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Июль » 7 » ЖАС ҚЫРЫҚТАН АСҚАНДА...
20:20
ЖАС ҚЫРЫҚТАН АСҚАНДА...

ЖАС   ҚЫРЫҚТАН  АСҚАНДА...   

 Қырық бес жастағы Алмас үнемі өзінің «жыныстық қатынасқа» зауқы соқпай, төсек қатынасында әрдайым түрлі себептер тауып, тайсақтап, ұйқысы қашып, әл-қуаты азайып, арқасы мен белі сырқырып ауырып, есте сақтау қабілеті төмендегенін байқайтын болды.

     Тестoстерон – ер адамдағы ең маңызды гормон, аталық бездің бөлініп шығуы. Қалыпты жағдайда, тестостерон бұлшық еттің күшеймелілігі мен сапасын, сүйектің тығыздығын, жыныстық нәпсінің оянуын сақтап, дене қуатын арттырады. Егер ер адамның бойында тестостерон кемшін болса, олардың жыныстық қатынасы азайып, оның үстіне артерияның қоймалжыңданып қатаюы мен сүйек бостығы ауруы сынды қатерлі факторларға апарып соғады.

   Ер адам 40-тан асқаннан кейін, денедегі тестостерон жастың ұлғаюына байланысты азайып, адамның әл-қуаты кеміп, ұйқысы қашып, мазасызданып, жабырқайды. Жыныстық қатынасқа зауқы соқпай, есте сақтау қабілеті төмендеп, ыстықтап, денесін тер басып, сүйегі босап немесе бұлшық еті сола бастайды. Медицинада мұндай ауру аллергиялық без қуатының баяу әлсіреуі деп аталады.

      

Тестостероны аз ерлерде әдетте мынадай белгілер пайда болады:

* Ұзақ уақытқа жалғасқан қысым адамды біртүрлі тітіркенгіш күйге түсіріп, бүйрек үсті безі гормонын қыруар мөлшерде шығарып, сол арқылы мидың қосалқы қызметіне бөгет болып, адам денесінің өсіп-жетілуінің ішкі секреция қызметін бүлдіреді.

    * Егер арқа, бел ұзақ уақыт ауырып, ұйқы қашып, денеңізді тер басып, есте сақтау қабілетіңіз төмендеп, жыныстық байланысқа зауқыңыз соқпау секілді ауру белгілері байқалса, дереу емханаға барып,  тестостероныңыздың мөлшерін тексерткеніңіз абзал.

 40 жастан асқан әр ер- азаматтардың да жылына бір рет осындай тексеруден өтіп тұрғаны абзал. Егер тексеру нәтижесінде  тестостерон кемшін болса, дәрігерге қаралып, тестостеронды лайықты мөлшерде толықтыру керек.

Алайда, ескеретін бір жағдай: аллергиялық без рөлінің баяу әлсіреуіне әкеліп соғатын себеп көп, сондықтан, аурудың белгісіне қарап қана тұжырым жасай салуға болмайды. Алдымен ер адамның бойындағы тестостерон мөлшерінің көп немесе аз екенін анықтап алған дұрыс.

 

Ершат Ахметбекұлы, уролог,

тел.: 8 701 1760900, 8 701 2231972, 8 727 3164599

Просмотров: 746 | Добавил: Sakura | Теги: андрологтың кеңесі, простатит, бесплодие, преждевременная эякуляция, урологтың кеңесі, импотенция, Тестостерон | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Июль 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Архив записей