Жоғары қан қысымы - ең көп тараған сырқаттардың бірі. Ертеректе осы дертпен көбіне жасы алпыстан асқан адамдар ауырса, қазір бұл дерт қырық жасқа дейінгі адамдарда да кездеседі. Қан қысымының жоғарылауы өте қауіпті. Сырқат көбіне көп жүрек-қан тамырлары мен мидың қан тамырларын зақымдайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Қан қысымы қалыпты жағдайда 120/80 мм сынап бағанасын көрсетуі тиіс. Егер тонометр тілі 140/90, 140/100, 180/130 мм сынап бағанына дейін көтерілсе, онда қан қысымының көтерілуі екінші, үшінші сатыға жеткен болып есептеледі.
Қан қысымының көтерілуінің бірден бір себептері:
1) Тұқым қуалаушылық , яғни ата-текте қан қысымы көтерілуінің болу себептері
2) Аз қимыл жасайтын және семіздік байқалған адамдарда кездесуі
3) Қант ауруымен ауыратын адамдарда жиі кездеседі
4) Тағамдар ішінде мал майының көп қолданылуы, яғни дұрыс тамақтанбау
5) Тағы бір мәселе- қою шайды шамадан тыс көп ішу, бүгінгі шайлардың 90 пайызы қызыл бояумен боялған. Сол бояу қан арқылы тамырға тарайды да тамырдың тар тұстарына жинала бастайды, қан айдалу үдерісін баяулатады.Тек шай ғана емес, сары уайымға түсіп, қатты ашуланған адамның да ми тамырлары бірден жарылып кетіп жатады
6) Бүйректің созылмалы аурулары «созылмалы пиелонефрит», «созылмалы гломерулонефрит» қан қысымының көтерілуіне бірден бір себеп. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, көбіне кездесетін асқынуларға тоқталатын болсақ ол: ми инсультінің асқынуы, жүрек-қан тамыр ауруларының асқынуы, атап айтқанда, жүрек қыспасы (стенокардия), жүрек инфарктісі және жүректің созылмалы қан айналу жеткіліксіздігі (хроническая сердечная недостаточность).
Сауықтыру жолдары:
1) жоғарыдағы көрсетілетін себептерден бойды алшақ ұстау, яғни дене салмағын азайту, алкогольді ішімдік пен темекіні тастау, шай мен кофені аз ішу, физикалық жаттығуларды көп жасау және көп жүру. Емдеу үрдісі - қан қысымының алғашқы сатыларында диуретиктер: Индап, Индапамид, Арифон дәрілері тағайындалады. Қан қысымының екінші, үшінші сатысында Экватор, Периндоприл, Диратон, Нормодипин дәрілері тағайындалады. Енді, мысалы жүрек қан-тамырлары және қан қысымының көтерілуіне жиі қолданылатын дәрілер β-адреноблокаторлар: Конкор,Эгилок, Обзидан;
Ми инсультінің профилактикасына: Дильтиазем, Верапамил (Кальций каналдарының тежегіштері);
Жүрек қыспасына: β-адреноблокаторлар, Конкор, Эгилок және нитраттар;
Қант диабеті және артериалық қан қысымына АПФ ингибиторлары (ангиотензин алмастырушы ферменттің тежегіштері): Капотен, Диратон, Энап дәрілері;
Қан қысымының көтерілуі және бүйрек аурулары зақымдануы болса АПФ ингибиторлары: Диратон, Капотен;
Өкпе қыспасы (Бронхиальная астма) және қан қысымының көтерілуі болса - Кальций антогонистері (кальций каналының тежегіштері): Нормодипин, Финоптин, Изоптин, Верапомил дәрілері қолданылады. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігіне β-адреноблокаторлар және Дигоксин дәрілері бір мезгілде қолданылмайды. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, Дигоксин, Дигитоксин дәрілері ұзақ мерзімге қолданылғанда бұлардың жинақталу (кумуляциялық) әсері ұзақ мерзімге сақталады. Және бір ескеретін жағдай, бұл дәрілерді, мысалы, Дигоксин дәрісін +β адреноблокаторларды Конкор дәрісімен бірге қолдануға болмайтынын ескеруіміз қажет, өйткені бұл екі дәріні ұзақ мерзімге қолданғанда жүректің соғысы тым баяулап кетеді де брадикардияға (жүрек соғысының әлсіреуіне) әкеліп соқтырады. Сондықтан аталған дәрілерді ішкенде, дәрігердің қатаң бақылауында болуын ескеруіміз қажет. Осы жерде шығыс ғұламасы Әбу Әли-Ибн Синаның қанатты сөзі еске түседі: «Профилактикалық шаралардың ішінде дәрігердің дәрісінен гөрі оның нанымды әңгімесі анағұрлым пайдалы әрі әсерлі» . Қан қысымын емдеу ұзақ мерзімді қажет етеді, яғни мұның 5-6 айға дейін созылатынын тәжірибе көрсетіп отыр.
А.Досқалиев, дәрігер-невролог, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
|