Пятница
19.04.2024
15:46
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Каталог статей »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [12]

Главная » Статьи » Мои статьи

Махаббат - адам ғұмырының таразысы

                                                «Махаббат жоқ» дегендерге қарсымын. Сүйе алмағандардың, сүйдіре алмағандардың сөзі ол.                                                                                                                            Ж. Кәрменов

 

Маусым айы. Ымырт жабылып, кеш қарая түскен шақ. Көше бойында адам аяғы саябырлап, мүлгіген тыныштық орнаған. Арагідік алыстан абалаған иттердің дауысы естіледі. Жұмыстан үйге қарай адымдай басып, асығып келемін. Асығып келе жатқаным – қорқып келемін. Медет тұтқан бір адамым болмағанда, кеудемді сая тұтқан жұдырықтай жүрегім әлдеқашан ытқып кетер ме еді...

Иә, мен жалғыз емес едім. Осы бір шеті мен шегі жоқ көше бойында шағын ғана денесіне құйып құйғандай қара шекпенді жарасымдылықпен үйлестіре киген, орта бойлы, қара торы, томаға-тұйық қарт адам қып-қызыл раушан гүлін қапсыра қысып, аяңдап барады. Мен бұл адамды дәл осы уақытта, дәл осы көшеден бір тал раушан гүлімен үнемі кездестіруші едім. Бұл көрініс мені қатты қызықтырғанымен, жанына барып сөйлесуге именетінмін. Ал бүгін не де болса сұрастырып көруге бекіндім.

Әлгі қарияға жақындап барып, сәлемдесіп едім, бетіме үңіліп қарап ұзақ тұрды да, үндеместен жүре берді. Мен де ештене деместен соңынан ере бердім. Біз ұзақ жаяу жүрістен кейін қаланың шеткері жағында орналасқан ақ кірпіштен соғылған екі орынды етіп жасалған қабірге келіп тоқтадық. Қызық... Қабір іші бірыңғай қызыл раушан гүлдерімен көмкерілген. Бірде бір бос орын көрінбейді. Менің қоса еріп келгенімді байқамаған болуы керек, ә дегенде сасып қалған қария мені көргеннен кейін, «ә, сенбісің?» - деді. Мен басымды изедім. Қолындағы гүлді қабір ішіне жайлап орналастырып, жайғасып отырды да, ұзақ бір әңгімені бастап кетті. Мен ол кезде жас едім. Қарадан шыққаным болмаса, өзгелерден дене бітімім, ақыл-ойым, сана-сезімім жағынан асып түспесем кем болғаным жоқ. Өнерден де құралақан емес едім. Осылай жүргенімде үріп ауызға алардай, сұлулығында мін жоқ бір қызға өлердей ғашық болдым. Гүлім де мені ұнатты. Алайда, Гүлімнің әке-шешесі Гүлімді басқа біреуге атастырып қойған екен. Гүлім ата-анасының ақ батасын алу үшін сол адамға ұзатылды. Осы оқиғадан кейін біздің арамыз алыстады. Мен оны ұмытуға тырыстым. Әттең, қолымнан келмеді. Білесің бе, өмірде бәрі өзгереді екен. Өзгермейтін бір-ақ нәрсе бар. Ол адам баласының тіршілік қуаты – махаббат. Мейлі сәтті, мейлі сәтсіз болсын, сүйе білуден, сүйдіре білуден артық бақыт жоқ екен. Гүлім атастырған жігітімен бақытты бола алмады. Ал мен Гүлімді сүюімді жалғастыра бердім. Оған деген махаббатым толастамады. Шынайы сезім жоқ жерде бақытты отбасы құрылмайтынын түсінген Гүлімнің әке-шешесі үйленуімізге ақыры рұқсатын берді. Біз үйлендік. Сәбиіміз болды. Бақытты ғұмыр кешіп, бірге қартайдық. Осыдан екі жыл бұрын Гүлімім о дүниеге аттанды. Ал мына қабірді екеумізге арнап, өз қолыммен тұрғызған болатынмын. Байқағаныңдай осы жерге күнде келемін, осында Гүлімімнің жанында түнеймін. Менің Гүлімім қызыл раушан гүлдерін ұнатушы еді. Сондықтн күн сайын бір тал гүлден әкелемін. Гүлімімді ойлап жылынамын, сәл мызғып кетсем, аялап оятады. Сәл мұнайсам, жасысам, қайрат, жігер береді. Алдыңда жанған шырақтай қол бұлғап, жол сілтеп шақырады. Ол мені өз қайғы-қасіретімен биік армандарға жетеледі. Адамның жүрек сезімі оның жасына тәуелді емес. Тек қадіріне жетіп, тани білу керек пе деймін. Гүлімім соңғы кезде жиі түсіме еніп, мені қол бұлғап шақырып жүр – деп қария өз әңгімесін аяқтады. Осы әңгімеден кейін арада үш-төрт күн өтті. Қас қарайып қалған. Күнделікті әдетім бойынша жұмыстан үйге қарай асығып келемін. Ештене өзгермеген. Сол баяғы көше, сілтідей тынған тыныштық. Тек, тек әлгі қарияны ғана кездестіре алмадым. Ертеңгі күні таң атысымен Гүлім әжейдің қабірінің басына бардым. О, тоба, қабір ішінде бір адамның жейдесі ағараңдайды. Жақындап барып, анықтап қарасам, оң қолына бір тал раушан гүлін қыса түсіп, сол қолымен төмпешікті қапсырай құшақтап бір жақ қырындап қария жатыр. О дүниелік болғанына сенгім келмеді. Алайда, әлдеқашан жан тапсырған екен. Қабір басындағы осы бір көрініс әлі де көз алдымнан кетпейді. Махаббаттың тәтті уын іше білу де бақыт екен ғой. Иә, «махаббат жоқ» дегендерге қарсымын...

                                                                                                                                                                        Алтын Құдайбергенова ҚазҰУ студенті

Категория: Мои статьи | Добавил: Sakura (08.05.2014)
Просмотров: 569 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі