<
 
Четверг
25.04.2024
04:57
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
БАЛА БОЙЫНЫҢ ӨСУІН ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМДАТУҒА БОЛАДЫ? »
Меню сайта

БАЛА  БОЙЫНЫҢ  ӨСУІН  ҚАЛАЙ  ЖЫЛДАМДАТУҒА БОЛАДЫ? 

Тұрақты жасайтын дене шынықтырулары, жұғымды және дұрыс тамақтану, қажетті минералдар мен дәрумендерді қажетінше пайдалану, жеткілікті мөлшердегі ұйқы бала бойының тиісінше, дұрыс өсіп-жетілуінің кепілі болмақ.

Дегенмен, бала бойының өсуі көп жағдайда оның геніне де байланысты екенін ұмытпаңыз. Десек те, жеткіншектің тұлғалы болып жетілуіне бірқатар тұста көмектесу мүмкіндігі жоқ та емес. Біріншіден, бала тұрақты түрде дене жаттығуларын жасап тұруға тиіс. Оның үнемі белсенді қозғалыста болуы, организмде зат алмасуын жақсартып, сәби бойының жылдам өсуіне негіз қалайды. Таза ауада көбірек серуендеп, спортты серік еткен балалардың өсуі де шапшаң келеді.

Екіншіден, балаңыздың күнделікті тағам рационында, жеміс-жидек, көкөніс түрлерінің молынан қамтылуын назарда ұстаңыз. Бұлардың мардымсыз пайдаланылуы, бала бойының аласа болып қалуына үлкен әсер етеді. Бау-бақша өнімдерін күнделікті, жеткілікті ішіп-жеу, осы үшін де аса қажет. Әсіресе, сары түсті жемістердің бөбек бой-басының сұңғақты өсіп-жетілуіне ықпалы басым,- дейді осы саланың зерттеуші мамандары.

 

Осыған байланысты, балаңызға ас әзірлегенде асқабақ, сәбіз, шалқан (репа), апельсин, секілді жемістердің жеткілікті мөлшерде болуын есте ұстаңыз. Баланың тез өсіп, бой-басының дұрыс жетілуі үшін тыныш, қалыпты жағдайдағы ұйқының да маңызы зор. Себебі, бала ұйықтаған кезде бойдың өсуін қамтамасыз ететін гормондар көптеп түзіледі. Ұйқының бұзылуы немесе кеш жатып, ерте оянуы бала бойының өсуін тежейді. Бөбектің бойының өсуін қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын шаруалардың бірі, оның белгілі бір уақытта төсекке жатып, белгілі бір уақытта оянуын қалыпты жағдайға айналдыру болып табылады.

Баланың сұңғақ, тартымды болып өсуі отбасында қалыптасқан психологиялық ахуалға, ата-аналардың өзара, тату-тәтті қарым-қатынастарына да байланысты. Қазіргі кейбір жанұяларда балалар кілең бойлары аласа, әлжуаз болып жетіледі. Мұның өзі тек қана жарытымсыз, әрі дұрыс тамақтанбауға ғана байланысты емес, бала ата-анасының өзіне деген дұрыс көзқарасының жоқтығын, керексіздігін сезініп те, өспей қалады. Сол себепті де, балаға ең басты қажетті керек нәрсе, ата-анасының өзіне деген шынайы сүйіспеншілігі, махаббаты. Осының бәрін ескерген жағдайда, балаңыз өспей қалды деп ойласаңыз, оны дер кезінде дәрігерге, тиісті маманға көрсетіп, кеңес алыңыз. Бойының аласалығы туа біткені анықталған жағдайда дәрігер-эндокринологтың қабылдауына жазылып, ем алуға бет бұрыңыз.

Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей