Понедельник
29.04.2024
12:50
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
Блог »
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 8 » Өзіңізге сенімдісіз бе?
10:26
Өзіңізге сенімдісіз бе?

Маңғаз жігіттерді көргенде қыз біткеннің: «шіркін ай, мына жігіт менің жарым болар ма еді?» деп армандауы орынды. Бірақ, бір көрімге маңғаз, сырбаз сияқты көрінетін азаматтардың көбісі көпшілікке тек сыртқы жылтырақ қалыптарын ғана көрсетуге икемді келеді екен. Олардың біразы өзіне өзі сенімсіз жандар дейді мамандар. Расында солай ма, мына болжамдарға көз жүгіртіп көрелік.

Сауалдар:

Сіз кездескен адаммен қалай сәлемдескенді қол көресіз?

А) Қысқа ғана, бірақ қолын қатты қысып

Ә) Қолынан айрылмай, сілкілей амандасамын

Б) Жай ғана, қолымды қолына тигізер тигізбестей, сүйкей амандасамын

Сіздің жұлдызыңыз қандай?

А) Арыстан, Тоқты, Тау ешкі, Торпақ

Ә) Егіздер, Саршаян, Суқұйғыш, Мерген

Б) Балықтар, Шаян, Бикеш, Таразы

Сіздің теріңіз қандай?

А) қалыпты, арнайы күтімді қажетсінбейді

Ә) Сезімтал емес

Б) Құрғақ әрі сезімтал Демалыс орнында бір әйел отыр, ол қатты ой үстінде сияқты.

Сіздің ойыңызша ол:

А) Оған өзінің жалғыз отырғаны ұнайды

Ә) Ол өзіне біреу аяушылық білдірсе деп ойлайды

Б) Оның бір шешілмейтін проблемасы бар секілді

Сіз үшін не маңызды?

А) Болған келеңсіздікті тез ұмыту

Ә) Өз қара басымның қамын ғана ойламау

Б) Егер біреуді алдасам, өз өзімнен қысылу

Сізге қандай кескін ұнайды?

А) Үшбұрыш

Ә) Төртбұрыш

Б) Дөңгелек

Сіз қандай спорт түрімен айналысқанды қол көресіз?

А) Парашютпен секіру

Ә) Суға секіру

Б) Альпинизммен айналысу

Нұсқаулық

Жауабыңызда қандай әріптердің көп кездесетініне назар аударыңыз.

Егер жауабыңызда «А» әріпі көп кездессе, Сіз өзіңізге өте сенімді жансыз. Дегенмен, адамға қатысты ұялшақтық сияқты сезімдер сізге де жат емес. Мұны өзіңіз де мойындай аласыз. Себебі, сіз өзіңізді жақсы білесіз.

Егер Сіздің жауабыңызда «Ә» әріпі көп кездессе, сіздің өзіңізге өзіңіздің сенімділігіңіз тұрақты емес. Қалпыңыз өзгеріп тұрады. Дегенмен, көп жылғы өмір тәжірибеңізге сүйене білсеңіз, қандай тығырықтан да шыға аласыз. Бөтен орта, жаңа таныстықтар сізді әуелгіде абыржытуы әбден мүмкін. Осы сәт сіздің көңіл күйіңіз құбылып, өзіңізге өзіңіздің сеніміңізді жоғалтасыз, не нағыз желөкпенің өзі болып шығасыз.

Егер Сіздің жауабыңызда «Б» әріпі көп ұшырасса, Сіздің айтты айтпады, өзіңізге өзіңіздің сеніміңіз төмен. Өзіңізді іштей мүжіп, өткенді ойлаумен сарғаясыз. Содан да, Сіздің бақытты шақтарыңыз азайып, уайым құшағында қаласыз. Осы ретте мамандар, өткенді зерделеп, сенімсіздіктің себебін анықтап, уайым қайғыдан жедел арылуды ескертеді. Тіпті болмаса, осы саланың білгір мамандарынан кеңес алуды ұсынады.                                                                                  Дайындаған Лира Жаркова

Просмотров: 913 | Добавил: Sakura | Теги: өзіңе өзі сенімділік | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей