Суббота
27.04.2024
05:31
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Ноябрь » 6 » ДЕНГЕ БЕЗГЕГІ
14:41
ДЕНГЕ БЕЗГЕГІ

ДЕНГЕ БЕЗГЕГІ

    Мұны кейде тропикалық безгек деп те атайды. Бұл ерекше ауыр вирустық инфекцияны Aedes aeqypti шыбыны таратады. Ол ақпайтын су қоймаларында болады. Aedes масасы әсіресе күндізгі уақытта өте белсенді.

 

АУРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Денге безгегінің ең негізгі белгілерінің бірі – буындардың ауруы. Бұл кесел ежелден келе жатқанмен оның емі әлі күнге табылған жоқ. Оған қарсы егілетін вакцина да жоқ. Бір жақсы жері бұл сырқат адамның өміріне көбінесе қауіп тудырмайды. Тропикалық геморрагиялық безгекті тіршілікпен әуелден бірге жаратылған десек те болады. Бұл денге безгегінің өте ауыр түрі. Оған шалдыққанда денеден қан кетеді. Әсіресе, балалар мен жастарға, солардың денсаулығына қауіпті.

 

ДЕНГЕ БЕЗГЕГІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ

Денгенің де тропикалық геморрагиялық безгектің де белгілері тұмаудың белгілеріне қатты ұқсайды. Яғни:

• Дененің қызуы көтеріледі;

• Сүйек пен буын ауырады;

• Көз қызарып, удай ашып, аштырмайды;

• Жөтел мен мұрыннан су ағу пайда болады;

• Іш өтеді.

• Дене тұтасып бөртіп кетеді.

Науқастан осындай белгілер байқалды дегенше, дәрігерге бару әйтпесе оны үйге шақыру керек.

     Осының сыртында тропикалық геморрагиялық безгектің тек өзіне тән белгілері де бар. Олар:

• Екі күннен төрт күнге дейін созылатын іш ауыруы мен құсу.

• Терінің астынан байқалатын қан құйылуы. Мұрыннан, қызыл иектен қан ағуы, қан құсу, дәретке отырған кезде қан кетуі, нәжістің түсінің қараюы, іштен қан кетуі.

• Теріде түйреуіштің басындай көлемдегі қан ұйыған тұстардың пайда болуы.

Мұндай белгілер байқалды дегенше, науқасты ауруханаға жеткізу керек. Жағдай мүлде қиындағандай болса, жедел жәрдем шақырту шарт.

     Негізінен адам өміріне қауіпсіз деп есептелінгенмен геморрагиялық безгектің асқынуы науқастың жағдайының үстін-үстін қиындауына, ақырында естен танып қалуына соқтырады. Мұндайда кісі өліп те кетеді.

   Асқыну басталған кезде:  

• Науқастың түсі бозарады;

• тынысы жиілейді;

• маңдайынан суық тер шығады;

• Терісі жылбысқы күйге енеді:

• Ұйқы басады;

• Тамырдың соғысы жиілейді;

  Мұның ақыры сарыауруға да ұласуы мүмкін.

 

ӨЗІҢІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?

Тропикалық немесе геморрагиялық безгектің белгісі байқалды дегенше, дәрігерге көрінуге міндеттісіз. Ең тиімдісі - жұқпалы аурулардың маман дәрігеріне барып, қаралыңыз.

 

ДӘРІГЕР НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ?

Дәрігер сіздің безгегіңіздің түрін анықтайды. Ерте табылып, емі ерте басталған жағдайда безгектің қай түрінен де өмірге қатер төнбейді. Асқынудан сақтану үшін күретамырлық қан қысымын өлшетіп, қанды сараптамадан өткізіп тұру шарт. Аурудың алдын алу мақсатында кейде ауруханаға жатуға тура келуі де мүмкін. Ішке қан құйылуын әйтпесе басқа да асқынуларды ерте анықтау өте маңызды. Уақытында емделмеген жағдайда безгектің де мезгілсіз ажалға ұшырататынын әлгінде айттық. Осы аурудың салдарынан науқасқа қан құюға тура келетін кездер де аз ұшыраспайды. Безгектің қай түрінің де алдын алу үшін шетелдік сапарға шығарда, әсіресе, экзотикалық елдерге барарда тиісті маман дәрігерлермен ақылдасудың артықтығы жоқ. Дәрігер айтқан шараларды мұқият сақтасаңыз, кеңестерін орындасаңыз сапарыңыз ауру жұқтырып алу қаупінен аулақ өтеді. Безгекпен аурудан өзіңіз де құтыласыз, мұндай кеселді өзгелерге жұқтырудан да сырт боласыз.

Просмотров: 1214 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Архив записей