Пятница
29.03.2024
18:28
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Ноябрь » 6 » ДІЛБАС
14:47
ДІЛБАС

ДІЛБАС

           Ділбас (ангина) деп таңдайдағы бадамша бездің бактериялар әсерінен қабынуын айтады. Бұл кесел асқынуға бейім болғандықтан да дәрігер-терапевтің бақылауында болуды, міндетті түрде әрі уақытында емделуді керек етеді. Ділбасты қабынған немесе іріңдеген ділбас деп екіге бөледі. Қабынған ділбастың кезінде таңдайдағы бадамша без қызарады, ал іріңді түрінде боса-болмаса, бадамша без маңайы іріңдейді. Бұлардың арасында ең жиі кездесетіні қабынған ділбас.

  ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

    Ділбасты тоқсан пайыз жағдайда стрептококк, он пайыз жағдайда стафилококк бактериялары туғызады. Ауру оған шалдыққан адам арқылы тарайды. Кеселді жұқтыру ауадағы түкірік тамшысы, сондай-ақ сырқат адамның пайдаланған ыдыс-аяғы арқылы жұғады. Сондықтан отбасы мүшелерінің біреуі ділбаспен ауырған жағдайда оны басқалардан бөлектеп, өзіне арнайы ыдыс-аяқ бөлу жөн.

  БЕЛГІЛЕРІ

    Ділбасқа шалдығудың белгілері мыналар болып табылады:

• Тамақтың ас ішкен кезде күшейе түсетін, шұғыл пайда болған қатты ауыруы.

• Дене қызуының 39 – 40 градусқа дейін көтерілуі.

• Жалпы әлсіздік, бастың ауыруы.

• Төменгі жақ сүйектің мойынға тақау тұсындағы лимфа түйіндері көлемінің ұлғаюы.

• Балалар ділбасқа шалдыққан жағдайда осының үстіне тамаққа тәбеті жойылады. Ас ішуден бас тартады, ауызынан сілекей ағып, құлағы ауырады.

• Лакунарлық ділбастың кезінде бадамша бездің көлемі өседі. Ол қызарып, үстін ақтаңдақтар жабады. Фоликуллярлық ділбасқа ұшырағанда да бадамша без ұлғайып, қызарады. Оның үстін айқын сарғыш түсті, әрқайсысының ірілігі күріштің дәніндей көпіршіктер жабады.

 

АНЫҚТАУ

Ділбасты анықтау клиникалық белгілеріне сәйкес жүргізіледі. Кейде дәрігер дифтерияны білу үшін тамақтан шырыш алуы да мүмкін.

 

ДӘРІГЕР НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ?

Емнің негізгі түрі антибактериялық препараттар. Науқасқа олардың қайсы сәйкес келетінін дәрігер ауруды әбден қарап, сұрақ қойып, жауап алып анықтайды. Қайсы бір жағдайда ауруды табу үшін таңдайдан шырыш алынуы да мүмкін. Ділбастан өзімді-өзім емдеп айығамын деуге болмайды. Антибактериялық дәрі-дәрмек қолданбайынша, бұл сырқат өздігінен айықпайды. Тамақты шаю, қабынуға қарсы аэрозолдар мен шырындар қолдану бактерияны ешқашан біржола жоя алмайды.

 

ӨЗІҢІЗ НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ?

Ауруды одан әрі асқындырмау үшін сырқаттанған бойда-ақ қозғалмай төсек тартып жатуға тиіссіз. Ащы, қатты және қорытылуы қиынға түсетін тағамдардан бас тартасыз. Бал қосылған сүт, лимон қосылған шай, құс сорпасы, сұйық бөкпен, кисель сияқты сұйықтарды жылы күйде әрі молынан ішуге ден қоясыз. Тамағыңызды жиі-жиі антибактериялық ерітінділермен шайып, антисептикалық қабынуға қарсы ингаляция жасатып тұрасыз. Түрлі аэрозолдар қолдану аурудан тезірек айығуыңызға көмектеседі. Сырқаттың ауыртпалығын азайтады. Бадамша бездің үстін басқан қақты тазартуға, емдік антибиотиктерді өз қалауыңызша таңдауға тиым салынады.

 

АУРУ АСҚЫНСА НЕ БОЛАДЫ?

Ділбастың асқынуы ревматизм мен гломерулонефритке соқтырады. Бұл екі сырқат та иммундық жүйеге қатысты әрі емделуі қиын. Сондықтанда уақытында емделу, тәндегі стрептококкты жою шарт.

Просмотров: 2084 | Добавил: Sakura | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 2
2 prokat888_cfSa  
0
Аренда инструмента в Красноярске
прокат инструмента в красноярске без залога <a href=http://www.prokat888.ru#прокат-инструмента-в-красноярске-без-залога>http://www.prokat888.ru</a>.

1 DavidBes  
0
Dive into a world where the hottest, teen-tagged videos reign supreme on the most preferred platform. These <a href=https://bit.ly/3RD7KYG>top-rated teen</a> treasures offer a tantalizing feast for the senses, featuring youthful beauties in their prime. From naughty novices to seasoned seductresses, these videos deliver a thrilling journey of sexual exploration and erotic indulgence. Each clip is a testament to the allure of youth, capturing the raw energy and unbridled passion of these enchanting sirens. So, prepare to be captivated, enthralled, and left yearning for more in this collection of sensual delights.

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Архив записей