Воскресенье
28.04.2024
18:42
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 8 » КӨК ТАМЫРЛАРДЫҢ КЕҢЕЮІ
11:01
КӨК ТАМЫРЛАРДЫҢ КЕҢЕЮІ

   Бұл ауруды ешкімнің де еншілегісі келмейтіні   белгілі. Дегенмен, уақыт өте келе, жас ұлғайған шақта    варикоз деп аталатын дерттің пайда болатыны шындық.           Венаны сынақтан өткізуге арналған осы тесті жасай  отырып, аурудың көрінісі симптомы тізімінен өзіңізге  қатыстысын тауып алуға болады. 

Назар аударыңыз: кейбір сауалдардың нәтижесі санның соңына сан қосуды емес, қайта одан азайтқанды қол көреді.

1. Сіздің ата-анаңыз қан тамырының кеңюі ауруының азабын тартып жүр ме? (жоқ - 0; екеуінің бірі + 5; екеуі де +10; ата-анам және басқа да туыстарым +15)

2. Ұзақты күні отырасыз ба, әлде түрегеп жүресіз бе? ( жоқ - 0; кейде ғана +5; жиі отырамын +10; үнемі отырамын +15)

3. Сіз жалпақ табансыз ба? ( жоқ - 0; иә +15)                        

4. Артық салмағыңыз бар ма? (жоқ - 0; 10 кг артық емес +5; 20 кг дейін +10; 20 кг жоғары +15)

5. Күнге немесе құмды жағажайда жиі қыздырынасыз ба? Ыстық ванна қабылдап, моншаға жиі барасыз ба? ( жоқ - 0; кейде ғана +5; жиі +10; тұрақты түрде +15)

6. Тар киім киесіз бе? Денеңізді қысып тұратын іш киімді ше? ( жоқ - 0; кейде ғана +5; жиі +10; үнемі +15)

7. Аяғыңызға биік өкшелі немесе тар, қысатын аяқ киім киесіз бе? ( жоқ – 0; кейде ғана +5; жиі +10; тұрақты түрде + 15)

8. Ауыр салмақ ( жаттығу залындағыдан өзге, тамақ салынған пакеттерді, сол секілді балаңызды қолыңызға алып) көтересіз бе? ( жоқ - 0; кейде +5; жиі +10; тұрақты түрде +15)

9. Көп күш жұмсайтын спорт түрімен (үлкен теннис, футбол, тау шаңғысы, сноуборд, степ-аробика) айналысасыз ба? (жоқ - 0; кейде +5; жиі +10; тұрақты түрде +15)

10. Әуеде ұшумен айналысасыз ба? ( жоқ - 0; жылына бір рет +5; жылына 2-3 рет +10; жылына үш реттен жиі +15)

11. Түнге қарай аяғыңыздың сіңірі тартылып, мазаламай ма? ( жоқ - 0; кейде +10; жиі +20; тұрақты түрде +30)

12. Күн соңына қарай аяғыңыздың талғанын немесе шаншығанын сезінесіз бе? ( жоқ - 0; кейде +5; жиі +10; тұрақты түрде +20 )

13. Аяғыңызды өзіңізге қарай бүгіп немесе аяғыңызды аяғыңызға айқастырып отыратын әдетіңіз бар ма? ( жоқ - 0; кейде +5; жиі +10; тұрақты түрде +15)

14. Бассейнге барасыз ба? ( жоқ - 0; кейде -5; жиі -10; тұрақты түрде -15)

15. Жиі жаяу жүресіз бе? (аңда-санда 0; кейде -5; жиі -10; тұрақты түрде -20)

16. Ас мәзіріңізде жеміс-жидекті жиі пайдаланасыз ба? (ешқашан +10; кейде 0; жиі -5; тұрақты түрде -10)

17. Әйелдер үшін: жүктілік саны? ( бір де бір рет 0; бір рет + 10; екі рет +20; үш және одан да көп рет +40 )

Нәтижені санаңыз:

50 баллға дейін. Сіздің көктамырыңызға төніп тұрған қауіп жоқ. Уақыттың көбін, аз қимылдап, бір отырумен өткізетін болсаңыз, венаңыздың жай-күйін бақылаңыз. Артық салмақ қоспауға тырысыңыз.

50-ден 120-ға дейінгі балл  варикоз ауруының өршуіне немесе оның ерте стадиясының басталуына бейімділік бар. Сізге алдын-ала флеболог-дәрігерге қаралып, кеңес ала отырып, арнайы жаттығулар комплексін жасау артық етпейді. Аса бір күшті қажет ететін спорт түрімен айналысуды доғарып, сауна мен солярийге барудан тиылғаныңыз жөн. Қан тамырларын қысатын ( компрессорлық) тоқыма киімдер кию де жағдайды жақсартады.

120 - дан 255- ке дейінгі балл варикоздың пайда болу мүмкіндігі зор. Өміріңізге қатер төндіретін жағдайлардан қашық жүріңіз. Тездетіп, флеболог-дәрігерге көрініп, аурудың алдын алуға асығыңыз, қажетті ем тағайындатыңыз.

С. Каримова

Просмотров: 1730 | Добавил: Sakura | Теги: варикоздың емі, көктамырдың кеңеюі, Варикоз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей