Воскресенье
28.04.2024
17:39
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 8 » ТҰРМЫСТАҒЫ ЗИЯНДЫ ЗАТТАР және ОЛАРМЕН КҮРЕСУ
11:36
ТҰРМЫСТАҒЫ ЗИЯНДЫ ЗАТТАР және ОЛАРМЕН КҮРЕСУ

 

Бізді қоршаған ортада адамның денсаулығына зиян келтіретін заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде ең кең таралғандары деп мыналарды атауға болады:

* Асбест - онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі;

* Ковролин - шаңды жинап, микроскопиялық кенелердің өмір сүруіне жағдай туғызады;

* ДСП - құрамында өте улы фенол, формальдегид, аммиак бар. Мұндай тақтайлар жиһаздардың жасалуында, сондай-ақ, үйді әрлендіруде қолданылады және қорғаныш қабаты бұзылған кезде ауаға жоғарыда айтылған улы заттарды бөледі.

* Полипропиленді түкті паластар мен кілемдер - бөлменің ауасына формальдегид деген улы затты шығарады; статикалық электрді жинап, ол өз кезегінде адамға әсер етіп, жүйке-жүйесінің бұзылыстарына әкеледі; шаңды жинап, үнемі тазалауды қажет етеді

* Бетон, шлакоблок, сол сияқты, полимер бетоннан жасалған қабырғалар - радон газының изотоптарын бөледі. Радонның мөлшері құрылыс материалына байланысты. Ағаш пен қызыл кірпіште - аз мөлшерде, гравийде, пемзада, глиназемде - орташа, ал көп мөлшерде - селикат кірпіште және штукатурканың, цементтің, құрылыстық блоктардың құрамында болатын фосфогипсте кездеседі. Жаңа үйлердегі бетон қабырғалар бөлме ішіндегі ауадан, ылғалды белсенді сіңіріп, соның нәтижесінде ауыз кеуіп, шаш құрғап, сынып, тері қабыршықтанып, тыныс жолдарының ауруы пайда болады.

Не істеу керек?

Бетон қабырғалардан бөлінетін радон мен ұшқыш органикалық полимерлерден жақсы қорғаныс болып табылатын мыналар:

- тығыз қағаз обойлар, клей бояулары;

- бөлмеге жиі-жиі таза ауа кіргізу

Осы айтылған шаралар, әсіресе, бірінші қабаттың тұрғындары үшін аса қажет. Өйткені, мұндай пәтерлерге радон жертөледен де көтеріледі. Өкпе қатерлі ісігінің 25 пайызы топырақ астынан бөлінетін радонға байланысты. Радон бөлінуінің алдын алу үшін жертөлелер мен бірінші қабаттағы пәтерлердің едендерін цементтеп, мықтап герметизациялау қажет.

  • Бөлмедегі ауаның құрғақтығын төмендету үшін:

- батареяның астында суы бар ыдыстардың тұрғаны дұрыс;

- батареяларды ылғалданған төсеніштермен жабады;

- бөлмеде үлкен аквариумдардың болғаны да жөн.

"Ауру мекемелердің синдромын" жоюға бөлме өсімдіктері де жақсы көмектеседі. Олар оттегіні бөліп, бактерицидті әсер көрсетіп, зиянды заттарды сіңіріп, ауаны ылғалдандырады. Мұндай өсімдіктерге, мысалы, қытай раушан гүлі, бөлме жүзімі, кәдуілгі мирт, папоротник, лавр жатады.

Ең керемет бактерицидті өсімдік - сансевьера болып табылады. Зиянды қоспалардан ауаны тазарту үшін, бөлмелерде хлорофитум өсімдігін өсірген пайдалы. Ластанған ортада, мысалы, ас бөлмесінде, ол өте тез өседі.

С. Каримова

Просмотров: 1711 | Добавил: Sakura | Теги: тұрмыстағы зиянды заттар, компьютердің адамға зияны қандай, тұрмыстағы сәулелену | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей