Четверг
02.05.2024
01:05
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 22 » СОЗ (гонорея)
07:40
СОЗ (гонорея)

 

  Қоздырғышы гонококк болып табылатын, етек қатынасы кезiнде берiлетiн ауру. Қазiргi кезде  соз ең кең таралған бактериалдық инфекция болып табылады. Жыл сайын әлемде созбен 200  млн. артық адам ауырады. Ауру  кейде, 1 пайыздан тө˜мен жағдайда,  тұрмыстық жолмен,  жеке бас нәрсесiн ортақ пайдалану кезiнде де жұғады. Мысалы, дерттi адамның  ысқыш, сүлгi, горшок, жаялық,  тө˜сек секiлдi заттарын сау адам пайдаланса,  осы ауруды жұқтырады. Жаңа туған нәрестелердiң  де  созбен ауыратындары  болады. Олар  анасының  құрсағынан шығу  кезiнде  аталмыш дерттi жұқтырады.  Соз -  кө˜бiнесе, қоздырғыш енген жерiндегi қабыну процесiмен шектеледi. Осыған байланысты, генитальды (жыныс-зәр жолдарының), экстрагенитальды  (тiк iшек, жұтқыншақ, ауыз,  бадамша бездерiнiң (миндалины), кө˜з ) және осы екеуiнiң асқынуы болып табылатын  метастатикалық  (таралған) түрлерi бар.

 Ер адамдардағы соз ауруы

Бұл сырқат ерлерде кө˜бiнесе зәр шығару ˜өзегiнiң (уретраның) қабынуы түрiнде кө˜рiнедi. Ауру орташа есеппен 5-7 күнге (кейде 1 аптадан 2-3 аптаға дейiн және одан да ұзақ) созылатын жасырын кезеңнен кейiн ө˜ршидi. Сырқаттың ұзақтығы 2 айға дейiн болса, ол жедел  гонорея, ал ұзақтығы 2 айдан  асса, созылмалы соз болып есептеледi. Соз  дертiне  шалдыққан кезде, алғашында, кейде адам ағзасында ешқандай ˜өзгерiстер байқалмауы да мүмкiн.  Ондай соз жасырын соз немесе гонококк тасымалдаушы деп   бағаланады. Создық уретрит кезiнде зәр шығару ө˜зегiнен сарғыш-жасыл түстi, кейде қан аралас iрiң бө˜лiнедi. Және зәр сындырған кезде шаншыған  секiлдi ауру сезiмi пайда болады. 2-3 аптадан кейiн ем жасамай-ақ, аурудың к˜өрiнiстерi бiртiн-бiртiн басылады. Осы кезеңде уретрадан б˜өлiнетiн iрiңнiң м˜өлшерi де азая түседi. Соз инфекциясы басынан бастап, аздаған болар-болмас қабынулармен, ө˜згерiстермен байқалатын кездерi де болады. Осындай кезде үрпiнiң iсiнуi мен қызаруының байқалмауы, болмауы  да мүмкiн. Үрпiден  аздаған шырышты, iрiңдi б˜өлiндi шығады, кейде ол бөлiндi таңертеңгiлiк немесе үрпiнi басқан кезде байқалады.

 Создық  уретриттiң асқыну жағдайы

Дер кезiнде емделмеген жағдайда мынандай  асқынулар болуы мүмкiн:

* Баланопостит (жыныс мүшесi басының қабынуы)

* Эпидидимит (аталық бездiң қабынуы)

* Простатит (простатаның, қуық асты безiнiң қабынуы).

Әйел адамдардағы соз ауруы  

Зәр шығару ағзаларының анатомиялық ерекшелiктерiне байланысты әйел адамдарда соз ауруы,  кө˜бiнесе,  еш белгiсiз, бiлiмсiз ө˜тедi. Соз инфекциясы кезiнде  бө˜лiнетiн ақ бө˜лiндiлер ө˜те аз мө˜лшерде к˜өрiнiп, әйелдер оған, к˜өбiнесе, тиiсiнше кө˜ңiл бө˜лмейдi. Сондықтан да соз дертiне ұшыраған әйелдердiң  90 пайызы дәрiгерге ˜өз бетiнше келiп, қаралмайды.  Әйелдерде  соз зәр шығару және  жыныс  ағзаларының  қабынуы  түрiнде ө˜тедi (уретрит, бартолинит, эндоцервицит, вестибулит, вульвит, вагинит, эндометрит, сальпингит, цистит, пиелонефрит, т.б.).

*Вульвит пен  вестибулит кезiнде сыртқы жыныс мүшелерiнiң аумағында ауру сезiмi, күйдiру сезiмi және  қышу пайда болады.  Уретрит кезiнде жиi  зәр сындыруға деген ниет  жиi-жиi  пайда болады.  Зәр шығару  ауру сезiмiмен қатар жүредi.

*Гонококктар жатыр iшiне енген кезде оның шырышты ( эндометрит) және бұлшық ет (метроэндометрит)    қабаттарының қабынуына әкеп соғады. Осындай кезде науқастың жалпы жағдайы нашарлап, дене қызуы к˜өтерiлiп, iштен  тө˜мен  тұста толғақ тәрiздi ауру сезiмi пайда болып, етеккiр циклi бұзылып, жатыр iшiнен  шырышты, iрiңдi немесе қан аралас б˜өлiндiлер шығады.   

Осындай ауру белгiлерiн байқаған жағдайда - дереу венеролог дәрiгерiне тексерiлiп,  соз диагнозы қойылған жағдайда,  мiндеттi түрде  емделу қажет. Бұл ауруды болдырмау үшiн, абзалы, тек бiр ғана серiктеспен жақын болу керек. Керiсiнше жағдайда, мiндеттi түрде сақтану құралдарын  пайдаланған жө˜н.

                                     С. Каримова

Просмотров: 1204 | Добавил: Sakura | Теги: гонорея, создың (гонореяның) емі, соз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей