Вторник
30.04.2024
19:04
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 18 » "Әулие құрт" немесе кәдуілгі сүлік туралы
20:49
"Әулие құрт" немесе кәдуілгі сүлік туралы

 

  Бүгінде бұрындары  да,  қазір  де көп  айтылатын: «Денсаулық –зор байлық»  мақалының  мән-мағынасы    күннен күнге  арта түсуде. Себебі, қазіргідей  заман ілгерілеген, жаңа инновациялармен қатар, денсаулыққа кері әсерін тигізетін  факторлар да күрт өсуде. Ауыз судың жетімсіздігі, экологияның күрт нашарлауы адам ағзасында түрлі аурулардың пайда болуына негізгі себеп.  Оқушылар арасында өтетін ғылыми жобалар сайысында  денсаулықты жақсартуда қолданылатын сүлік жайлы ой өрбітуді жөн көруім  де  содан  еді. Бүгінде  ғылыми  жетекшім  әрі  ұстазым - Жайнагүл Хусаинова екеуміз тынбай ізденудеміз. Сүліктің адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, болашақта оның  емдеу  саласында  кеңінен  қолданылуына өз  үлесімізді  қосу және осы  мақсаттағы  үгіт насихат  шараларын  жандандыру.

     Бүгінде  ғылымда сүліктің тіршілік ететін 400 түрі белгілі. Ол еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қореқтенетін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны тұрақты, параподиялары, кылтанақтары болмайды. Бас (простомиум) және аналь (пигидиум) бөлімдері жоқ. Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштық қасиеттері  жақсы  дамыған. Целом қуысы редукцияланып, лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толы. Көпшілігі гермафродиттер  болып  келеді, демек , тікелей (личинкасыз) дамиды. 

 Сүліктер дене пішіні жағынан жалпақ құрттарға ұксас. Денесі арқа-кұрсақ жағына қарай қысылған, ұзындығы 20 см-ге дейін  барады. Сыртқы жіңішке сегменттері ішкі ірі сегменттеріне сәйкес емес. Бір ішкі сегментіне әдетте 3-5-ке дейін сыртқы жіңішке сақина сәйкес келеді. Сүліктердін денесі 33 сегменттен (Асаnthobdella отрядында – 30) түзілген, олардың алдыңғы төртеуі қосылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі бірігіп – артқы сорғышты құрайды. Параподиялары, қылтандары, қармалағыштары және желбезектері жоқ, тек (Асаnthobdella) туысының өкілдерінде алдыңғы 5 сегментінде қылтанқтары болады, бұл олардың азқылтанақты кұрттарға жақындығын көрсетеді. 
     Сүлікпен емдеу – денсаулыққа қауіпсіз. Сүлік салудың адам ағзасы үшін пайдасы өте зор. Емдеу барысында кейбір дәрігерлер сеанс қабылдағаннан кейін сүлікті өлтіреді, яғни бойына жинаған жағымсыз заттардан тазарту қажеттігі туады. Адам денесіндегі арам қандарды сорғандықтан ол өзі де өліп қалуы мүмкін.

Бір қарағанда бұл   қатыгездік екені даусыз.

  Шығыс медицинасында емшілер сүлікті саналылықпен пайдаланып,  сүлікті емге қолданғаннан  кейін тұзды суға салып тазартып отырады. Сонда арам қанға тойған сүлік лоқсып құсады. Сондай жағдайда  сүлік қаннан мүлде тазартылады. Тазартылған сүлікті таза суға кішкене шекер салып  салып қою қажет. Өмірде бір тіршілік иесінің екіншісі  үшін құрбан болып жатуы бұл заңдылық. Сондықтан гирудотерапияның бұл әдісіне сәйкес сүлікті дұрыс, ұқыпты пайдалана білсе, адам денсаулығына тигізер пайдасы шексіз. Жабысып алып, қан соратын бұл жәндікті көргенде, денең түршігетіні анық. Алайда медицина саласындағы сүліктің дәл осы қасиетінің пайдасын көрсеңіз, оның құндылығына еріксіз сүйсінесіз. Латын тілінен аударғанда «gerudis» сөзі сүлік дегенді білдіреді.  
Ертеректе сүлікті жұрт арасында «әулиеқұрт» деп атаған. Ол туралы халық арасында  кең таралған  аңыз  да  бар. Бірде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп, ауырсынып келе жатып, жолда кездескен  бір көпшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе, аяғының ісігінің қайтып, бойын  басқан  ауырлықтың да сап  тиылғанын  және денесінің  мүлде жеңілдеп қалғанын сезінеді. Осыдан  кейін  ғана аяғының астында  бір  майда құрттардың  жыбырлап,  кішкене  қан ағып жатқанын  көзі  шалады. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрттың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді. 
Сүліктердің арқа тұсындағы өрнектердің пайғамбардың төрт саусағының іздерінен қалған белгі деген осыдан шыққан. Кейінгі зерттеулердің нәтижесінде сүлікпен емдеу жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Ғылымда сүлік салуды «гирудотерапия» деп атайды. Және оны арнайы мамандар гирудотерапевтер салады. Сүлікпен көптеген сырқатты емдеуге болады.

Олар: жоғары қан қысымы, стенокардия, миокард инфаркті, инсульт, тромбофлебит, қан тамырларының кеңеюі, трофикалық ойық жара, көтеу, бронх демікпесі, глаукома, бас сақинасы, невриттер, гипертензивті синдром, холецистит, панкреатит, гепатит, колит, простатит, белсіздік, бедеулік, эндометриоз, семіздік,  поликистозы, жабысқақтар, парадонтоз, есекжем, остеохондроз, ота және жарақаттан кейінгі асқынулар кезінде, инфаркт пен инсульттің алдын алу, қанды уыттар мен қалдықтардан тазарту, организмді жасарту т.б. 
    Қазір ғалымдар сүлік сілекейінің тағы бір қасиетін тапты. Нақтырақ айтқанда, соңғы кезде сүлік сілекейі дәрі-дәрмек, косметика жасауға қолданылуда. 
Мәселен, қанды сұйылтатын гепарин деген дәрі бар. Ол инфаркт, инсульт, тромбоз секілді ауруларға қолданылады. Бұл химиялық заттардан жасалған пре­парат болғандықтан, организмге кері әсері  де  көп. Ал дәл осындай дәрі жасау үшін сүліктің сілекейінен алынатын зат – табиғи, сондықтан бұл дәрінің адам организміне кері әсері жоқ. Сондай-ақ сүлік сілекейінен жасалған косметикалық заттар аллергия тудырмайды. 
Бұл жәндіктің емдік қасиетінің сыры биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде. 
Сондай-ақ тек науқас қана емес дені сау адам да жылына бір рет сүлік салдырып тұрса, қаны тазарып, ағзасы жасаратындығы анықталған. Емдеуге көбінесе белсенді аш сүліктер пайдаланылады. Сүлік сағатына 15 мл  қан сорып үлгереді. 
Сүлік салған адам үш күн диета ұстау қажет. Және мүмкіндігінше сүт өнімдерінен бойын аулақ ұстап, жеміс-жидек, көкөністер (қызылша, сәбіз, құлпынай т.б) пайдаланғаны абзал. Соңғы кезде адамдар сүліктің көмегімен целлюлитті емдеп, арықтап, тіпті жасарады. Бұл құрттың емдік қасиетінің сыры оның биологиялық белсенді заттарға бай, түрлі ферменттерден тұратын сілекейінде екен.

      Зерттеу жұмысымның барысында Көкшетау калалық  "Гирудо" медициналық орталыққа барып, Лыжин Ростислав Дмитревич  гирудотерапевт дәрігермен сөйлесіп сүлік жайлы мағлұмат сұрастырдым. Дәрігердің айтуынша сүлікпен емдеу 1980 жылдарға дейін халық емі деп саналып келген. Ал 1998 жылдан бері халық емінен дәстүрлі емге айналғанын айқындап айтты. Сүлік салып жүрген емделушілерден сүлікті қандай ауруларға қарсы қолданылатын айтып берді. Мысалға алар болсақ:

    1.Тастембекова Тілеуке 45 жаста, Көкшетау қаласының тұрғыны. Бел, асқазан, бүйрек ауруларына қарсы сүлікті көктемде, күзде 2 рет  салады.

   2.Мүкжанова Гүлнар 49 жаста.Көкшетау қаласының тұрғыны.

Миына қан кетіп, сүлікті басына айына 2 рет салатынын айтты.

   3.Есдаулетова  Алия 56 жаста, Көкшетау қаласының тұрғыны. Сүлікті қан қысымына  қарсы пайдаланған.  Сүлік салғаннан кейін қан қысымы 240-тан 130-ға түскенін атап айтты. Ол сүлікті айына 5 рет  қолданады.

        Сонымен қатар зерттеу жұмысымның барысында Көкшетау қалалық Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне барып, сүліктің пайдасымен, оның қандай ауруларды емдейтіндігі жайлы толық  мағлұмат алдым.

Химиялық дәрілерден гөрі, табиғи дәрілерге бас ұрған анағұрлым пайдалы әрі әсері жоғары деген ойға тоқталдым. Болашақта гирудотерапевт дәрігері болып, сүлік салуды дамытатын  ойым бар.

 

                                                                                    Риза  АШУОВА,

                                                                                    Ақмола облысы,  Бурабай ауданы,

                                                                                    Исмаилов атындағы   Мәдениет орта мектебі

 

 

 

Просмотров: 2167 | Добавил: Sakura | Теги: сүлікпен емдеу, гирудотерапия, сүлікпен емделетін аурулар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей