Вторник
30.04.2024
14:13
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Май » 18 » ВИТИЛИГО
21:18
ВИТИЛИГО

 

Витилиго - терінің  сирек  кездесетін  ауруы,  жүре  пайда  болған  ошақты  ахромиямен  (терінің  түссізденуімен)  сипатталады.  Бұл  дерт,  пигмент  клеткаларда  пигмент  түзілу  процесін  белсендіретін  ферменттің болмауынан, терінің  кейбір  бөліктерінің  пигмент  бөлу  қабілетінің  жойылуынан  дамиды.  Аурудың  өршуінде  тұқым  қуалаушылық  және  нейроэндокринді  факторлары да  (психикалық  жарақаттар,  бүйрек  үсті,  қалқанша  және  жыныс  бездерінің  қызметтерінің  бұзылыстары)  басты  орын  алады.  

АУРУДЫҢ  КӨРІНІСТЕРІ

Дененің  әртүрлі  жерлерінде  бірте-бірте  пигментацияланбаған  және  үлкейіп,  бірігуге  бейім  дақтар  пайда  болады.  Зақымдалған  жерлердегі  шаштарда  пигментсіз  қандай  да  бір  жағымсыз сезінулер  байқалмайды. Пигментсіз  ошақтар  күн  және  жасанды  ультракүлгін  сәулелеріне  жоғары  сезімталды келеді.  Дерт - кез-келген  жаста  байқалуы  мүмкін. Бұл  дерттен  сауығу  жағдайлары  сирек  кездеседі.  Лепрозды  ахромиялармен  салыстырғанда  витилиго  дақтарының  сезімталдығы  бұзылмайды. 

Теміреткі  (отрубевидный  лишай),  псориаз,  экземаның  жазылуы  кезінде  дамитын  лейкодерма  (түссіз  дақтар) жазылған  бөртпелердің  орнында  пайда  болады  және  терінің  түсі  емнен  кейін  тез  қалпына  келеді. 

Дегенмен,  көп  жағдайда  емнің  тигізетін  пайдасы  шамалы.  Фотосенсиблизаторлардың  курсымен  қоса,  ультракүлгін  сәулелендіру,  соның  ішінде  ПУВА- терапия  жүргізіледі.  Сондай-ақ  В  тобының  дәрумендері,  кортикостероиды  майлары  қолданылады.    Жүйке  және  эндокринді  жүйелеріндегі         анықталған  бұзылыстардың  емі  жасалады.  Декоративті  кремдер  жақсы  косметикалық  әсер  береді.  Күнге  күюдің  алдын  алу  үшін   ультракүлгін  сәулелендірудің  тікелей  әсерінен  аулақ  болу  керек.

                                                                                                                                                   С. Каримова

Просмотров: 1443 | Добавил: Sakura | Теги: терідегі ақ дақтар, витилигоның емі, витилиго | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей