Понедельник
29.04.2024
19:47
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Апрель » 10 » Бала ойыншығының сапасына мән берейік
22:24
Бала ойыншығының сапасына мән берейік

           Қазақ айтқан: «Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман»  қазір. Шет елдермен, көрші елдермен сауда қарым-қатынасы жақсарды. Соның нәтижесінде сырттан әкелінген заттар  дүкен  сөрелерінде, базарларда лық толып тұр. Бүгінде  балаларға арналған нетүрлі  керемет ойыншықтарды да еш қиналмай  табуға болады. Бірақ, олардың  сапасы  көңілден  шыға  ма? Балаңызды қуантамын деп жүріп, оны ауртып алмайсыз  ба?..

                       Жалпы, заң негізінде әрбір ойыншық «Халық тұтыну тауарлары және көрсетілетін қызметтерді сертификаттау тізіміне» сәйкес сапа құжатына ие болуы шарт. Сондықтан әрбір  тұтынушы ойыншық сатып аларда оның сапасына ғана емес, таңбалау сертификатына да көңіл  аударғаны жөн.         

    Елімізде  ойыншықтар сапасына тексерулер жыл  сайын  жүргізіліп  тұрады  екен. Анықталған заңсыздықтар  да  баршылық. Тексеруге іліккен сауда  орындарының 70-80 пайызға жуығы ешқандай сертификат ұсына алмаған. Ойыншықтың қайдан шыққаны, қандай материалдан жасалғаны, ол материалдың құрамындағы элементтердің мөлшері көрсетілген анықтамалар  да болған.  Бірақ,  бала  денсаулығына тікелей қауіп төндіретін ойыншықтардың  көптеп  сатылатындығы айқын  көрініс  берген.  Мәселен, бұрыштары тегіс емес қоларбаларға, әр түрлі техникаға ұқсатып жасалған ойыншықтармен  ойнау  кезінде баланың  оп-оңай жарақат  алатындығы  байқалған. Сол  секілді  оларды  бояған бояулардың иісі де шамадан тыс бас  айналдырып,  көзді  ауыртаныны  анықталған. Соның салдарынан бала  біткеннің көру қабілеті төмендейтіні дәлелденген.

         Сол  секілді, ойыншықтар  жасалатын  материалдар  құрамында ауыр металл тұздары бар екендігіне назар  аударылған. Әсіресе, сертификатсыз әкелінген ойыншықтарда формальдегид әдеттегісінен 10-15 есе көп болатындығы  зерттеу  кезінде  ашылған. Мұның бәрі бала денсаулығына қауіп  төндіретін химиялық  зиянды  заттар  болып  келеді.  Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады. Қолына түскеннің бәрін тісіне басып көруге әуес, сондықтан ойыншық сатып аларда, оның жаратылуына аса ұқыптылықпен қараған  дұрыс. Бояуы тым қанық, алыстан «мен  мұндалап» тұрған ойыншықтардан сақтанған жөн. Себебі,  бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын элементтері болатыны  белгілі, ал  оның  мөлшерден  тыс  көп  болуы  бала  ағзасына  зиянды. Бұл заттар  ең  алдымен адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсерін  тигізеді. Бояудың құрамындағы зиянды заттар (ауыр металл тұздары, формальдегид) ішкі ағзаға   өтеді. Асқазан, ішек жолдары жұмыстарына зақым келтіреді. Баланың иммунитетінің әлсіз болуына, ауруға бейімділігін арттыруда да ойыншықтардың қосар үлесі көп.

Егер балаңызға алған ойыншығыңыздың қай  елдікі екенін анықтайтын сертификаты бар болса, онда ештеңеден қауіптенбеуіңізге болады. Сертификат беретін елдерде осы бағытта өндірілетін тауарлардың сапасына қойылатын талап қатаң. Ол  елдерде  нормадан сәл-пәл ауытқушылық байқалса  болды, ондай кәсіпорынның  жұмысын мүлдем тоқтатуға дейін шара қолданылады. Сондықтан, мұндай  тәртіп  қатаң  жолға  қойылған  елдерде ойыншықтар жүз пайыз сапалы жасалады деуге болады.

Республикалық, облыстық деңгейде  жасалған сараптамалардың барлығы дерлік  сертификаты бар ойыншықтардың сапасы жоғары екенін көрсеткен. Алайда, біздің еліміз бойынша сауда нүктелеріне шығатын ойыншықтардың 80-90 пайызының сертификаты жоқ,  яғни  зияны мол,  бала  ұстауға жарамсыз ойыншықтар. Бұл ойыншықтардың сәби  денсаулығына  қауіптілігі қаншама рет анықталса да, бәрібір базар біткен осыларға толып тұр.  Осындай  жарамсыз  ойыншықтардың  дені  тексеруші  органдар  шешімімен, отқа  оранып  та  жатады,  бірақ  таусымайды.

 Сертификаты жоқ ойыншықтар баланың психикасына да аз  зиян  келтірмейді  екен. Қалайша дейсіз ғой, байқап қараңыз,  олардың   түсі,  мәселен,  балапанның түсі сары емес көк, пілдің түсі қызыл т.с.с. бәрі керісінше болып келеді. Сертификаты жоқ ойыншықтардың қолтырауынымен ойнап өскен бала, ертең оның табиғи түсінің жасыл екенін біліп әжептәуір шатасып қалуы да ғажап емес. Бұл сайып келгенде баланың дүниетанымын шатастыру, жадын бұзуға әкеліп  соғатын  әрекет.  Сертификаты жоқ ойыншықтардың тым ашық түсті болуынан, мамандардың айтуынша, мұндай түстер баланың көзін шамадан артық тітіркендіреді. Соның салдарынан жүйкелеріне салмақ түседі. Баланың санасында қоршаған ортаны тану процестері дұрыс қалыптаспайды.

Қолдануға арналған қазақша, яғни мемлекеттік тілде түсініктемесі жоқ ойыншықтарды сатуға да заң бойынша тыйым салынады. Жапсырма қағазы тек басқа тілде жазылған ойыншықты сатқан саудагерді сот алдына сүйреуге кез келген тұтынушы құқылы.

          «Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесіне сай: санитариялық ереже мыналарға: пиротехникалық ойыншықтарға, ұратын капсулалары бар (балалар ойынына арналған пистондарды қоспағанда) фейерверктерге, шырша әшекейлеріне, iштен жану қозғалтқышы бар ойыншықтарға, ересектерге арналған сувенир бұйымдарға, бас қатырғыштарға, пневматикалық мылтықтар мен тапаншаларға, тас атқыштар мен катапульттерге, метал ұштығы бар лақтыруға арналған жебелерге, ертоқымы жерден 635 миллиметр (бұдан әрi - мм) биiктiктегі велосипедтерге, балаларға арналған әшекейлерге, желіден қуаттанатын ойыншықтарға қолданылмайды.       

          Бірақ көп ойыншықтың қатарында балалардың жас ерекшелігіне байланысты ойлау қабілетін жетілдіретін, ұлттық нақыштағы ерекшелігімізді, салт-дәстүрімізді насихаттайтын отандық ойыншық­тар жоқтың қасы.

          Ойыншықтардың материалы неғұрлым қарапайым, солқылдақ болғаны жөн. Мұндай үлгідегі ойыншықтар баланы ешқашан жалықтырмайды. Мәселен, машина, доп, кубик, қуыршақ тәрізді ойыншықтар үнемі бүлдіршіннің қолынан түспейді. Егер ойыншықтың материалы ажарлы болса, ол соғұрлым бала мінезінің жақсы қалыптасуына, жаттығуына дағдыландырады. Және бір ескеретін жайт, кейде балалар жаңа сатып әперген ойыншықты сындырып, ішкі құрылысымен танысқанды жақсы көреді. Мұндай сәтте ашуланбағаныңыз жөн. Ойыншық балаға ұнаса, оны бірден бөлшекке бөліп, ішкі құрылысына үңіледі. Осылай бүлдіршін өз ойымен түзетуді, қайта құрастыруды үйренеді. Сәбидің жас ерекшеліктеріне қарай ойыншық сатып аларда бала талғамына қарағаныңыз, жасын ескергеніңіз абзал.

          Ойыншықтарды таңдап аларда оның қауіпсіздік ерекшелігін қарау керек. Мәселен, 2-3 жасар бала машина мен қару-жарақты қалай қолдану керектігін білмейді.  Әрі механикалық қауіпсіздігі жағынан бұл ойыншықтар баланың денесін жаралап, мінез-құлқына, сана-сезіміне әсер етуі ықтимал. Сондай-ақ ойыншық белгілі мөлшерден артық дыбыс берсе, сәбидің жүйкесі бұзылады. Сондықтан әрбір ата-ана ойыншықты сатып алмас бұрын «бұл ойыншықпен қалай ойнайды?» деген сұраққа жауап іздегені жөн. Ал осы ойыншықты жасайтындар, сататында ақша табудың көзін ғана емес, сәбилер мен балалардың өмірінің қауіпсіздігін, денсаулығын ойласа нұр үстіне нұр болады. Қазақ балаларына ұлттық тәрбиелік мәні бар, адамгершілікке баулитын ойыншықтар керек екенін ескерген жөн.

         Балалардың ертегілерді жақсы тыңдайтынын білеміз. Егер қазақ ертегілерінің желісімен ойын­шықтар жасалса,  бұл таптырмайтын сыйлық болар еді. Бүлдіршіндер үшін батырлар асынған қару-жарақ, мінген арғымақ пен киген дулыға-сауыттары қызықты. Әрісін айтпағанда, ен далада жайылған  төрт түлік мал мен үй құстары және жабайы жануарлардың өзі сәбилердің ой-өрісін, қабілетін, пысықтығын, есепке жүйріктігін, айналасын тануды, тапқырлығын жан жақты дамытады.  

Мысалға: ашық түсті ойыншықтар - бесіктегі ойыншықтарды көзінен 15-25 см биіктікте іліп қойған дұрыс.  Ойыншықтардың түсіне  (көк, сары, қызыл, жасыл) мән беруіне байланысты 3-4 күнде алмастырып тұру қажет. Ойыншықтардан жағымды әуен (мысалға домбыраның) шығып тұрса көзбен қоса құлақтың да дамуына үлкен әсері болады.

Әуені бар ойыншықтар: дыбысы бар ойыншықтардың баланың ұстауына ыңғайлысын және түстері әр түрлісінен таңдап алу керек. Әуендер баланың қыймыл қозғалыстарын дамытады.

Үлкен ойыншықтардың ішінде ұсақ ойыншықтар көрініп тұрса ол баланың зейінін жақсартады. Әуенді ойыншықтарды бесікке іліп қойса, бала оның дыбысын шығаруға талпынады. Әуенді білезіктер, аяқкиімдер баланың жан жағын байқауын күшейтеді.

Пирамидаға ұқсас ойыншықтар: бұл ойыншықтар балаларды жан жақты қызықтырады. Пирамидаға ұқсас ойыншықтар көз көрісін, қолының қыймылдарын, ойыншықтардың көлемін және түстерін ажырата білуді дамытады.

Әсерлі кілемше: құлақтың, көздің, қыймыл қозғалыстың, әсердің дамуына көмегі зор. Әсерлі кілемше ашық түсті, алмастырып ойнайтын ойыншықтары көп болғаны дұрыс. Балаларға өте ұнайды. Баланың сезімталдығын дамытуға кілемшенің тігістеріндегі жүн, жібек, мақпалдардың және ағаш, майысқақ, созылмалы ойыншықтардың әсері жақсы көмектеседі.

           Бүгінде әрбір қазақ баласының қолынан көк көзді, жалбыр шашты қуыршақ пен шетелдік жаңа үлгідегі машина, соғысуға бейім пистолет, «Терминатор» тәрізді ойыншықтарды көресің. Бәлкім, отандық ойыншықтар аз болғандықтан, ата-аналар сынаптай сырғып, тез сынатын шет ел ойыншықтарына мұқтаж болар. Ал егер сол қуыршақтар таза жүннен не мақтадан, машиналар ағаштан не темірден жасалған болса, бала кішкентайынан қоршаған орта туралы дұрыс мәлімет алар еді.

Бірақ, бізде он саусағынан өнері тамған шеберлер көп болғанымен, қолдау танытып, қаржылай көмек беретіндер, қорғайтындар, демейтіндер аз.

          Тұңғыш рет ұлттық интерактивті ойыншықтарды шығаруды қолға алған жоба авторы,  «Бал бала» компаниясының Басқарма төрағасы, танымал продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болманов. Сатылымға ойыншықтардың 17 түрі шыққан, оның 11-і жұмсақ ойыншықтар, 4-і авторлық қуыршақтар және еліміз үшін мәртебелі шара - «Азиада-2011» ойындарына арналған ойыншықтардың 2 түрі бар. Бұл ойыншықтарды шығарудағы негізгі мақсаты -  интерактивті ойыншықтар арқылы балаларды мемлекеттік тілге және ұлттық мәдениетке жақындату, жасөскіннің  бойына патриоттық сезімді ұялату арқылы  тәрбиелеу болып табылады. Компанияның жұмысы қазақ халқының тарихи мұралары мен халықтың мәдени дәстүрлерін жалғастыруға бағытталған. Барлық ойыншықтар сараптау мен арнайы тексерулерден өткізілген.

          Алдар көсе, Тазша бала, Ер төстік сияқты қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлерінен және танымал әнші Қарақаттың бейнелерінен тұратын ойыншықтар мен қуыршақтардың өзге ойыншықтарға қарағандағы ерекшелігі - олардың барлығы қазақ тілінде сөйлеп, ән айта алады және билейді. 

           Қазіргі түрлі-түсті маталардан тігілген қуыршақтар, «Барбилер»  көзге сүйкімсіз көрінеді, көңілге қонымсыз. Олар тез жыртылып, сынып қалады. Ал кәдімгі жүн, мақта, маталардан тігілген қуыршақтар, әдемі ойыншықтар балалар үшін тиімді. Әрі  көңілге қорқыныш ұялатпайды.

         Ойын, ойыншық десе көз алдыма өзен жағасында, құм үстінде асыр сап ойнаған ауыл балалары елестейді. Қар еріп, күн жылынғанда, жер бусанып, мал жайылымға шыққанда ауылдағы кішкентай балалар қолдарына асықтарын алып «Хан талапай», «Арқаласпақ» ойнап, асық атып, өзара дуылдасып жатады. Ал, одан кішілері шыбықты ат қылып мін­іп, бір-бірін қуалайды, не доп тебуге кіріседі. Асықтан кейінгі ойын —«Ләңгі». Қой-ешкінің үлпілдеген жүнді терісін кесіп алып, теңге көлеміндей қорғасынға тігіп, оны күн көзіне кептіріп, тасқа бастырып алып, ләңгі етеді, аяқпен теуіп неше түрлі қыймылмен ойындар ойнайды. «Шүлдік», «Қызыл ту», «Тоғыз құмалақ» т.б. ойындары да өте қызықты, мектеп жасына дейінгі балалар ойнап жатқанын көруге болады. Ауылда көктем шыға балалар арасында тай, ат жарыс ұйымдастыратындар да бар.

           Ең бастысы, ата аналар өздері нәрестелері мен балаларына ойыншықтар сатып алғанда ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындаса, талап ете білсе, балаларының денсаулықтары зор, тәрбиелі, білімді Қазақ Еліне елеулі, халқымызға қалаулы үлкен азамат болып өсетіндері  сөзсіз.

                                                         Ақтөбе қаласы, жалпы тәжірибелі дәрігер

                                                        Нұрлан Ізденұлы СЕНҒАЗЫ                                                            

 

Просмотров: 2223 | Добавил: Sakura | Теги: балалар, ойыншық, санитарлық-эпидемиологиялық талапта, ата-ана, сапа, денсаулық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей