Понедельник
29.04.2024
16:15
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Апрель » 11 » БАСПАСӨЗ-2014
15:17
БАСПАСӨЗ-2014

       

 

«ОТБАСЫ және ДЕНСАУЛЫҚ» отбасылық басылым

Адамның сау-саламат, мағыналы ғұмыр кешуi отбасындағы жай-күйге, тұрмысқа тәуелдi екенi ақиқат. Ауру-сырқау атаулы көбiне күнделiктi тiршiлiктi дұрыс ұйымдастыра алмаудан, өзiңе-өзiң жағдай жасап, күтiне бiлмеуден туындап жататыны баршаға белгiлi. Мiне, елiмiздiң денсаулық сақтау, дене шынықтыру, бой-бас күтiмi, отбасы және әйелдер iстерi, тәлiм-тәрбие саласындағы жетекшi мамандарының тiкелей қатысуымен - 2002 жылдан берi жарық көре бастаған «Отбасы және Денсаулық» ғылыми-көпшiлiк журналының дiттеген мақсаты – осы олқылықтың орнын толтыру. Ол аурудың алдын алудың, одан емделiп, сауығудың, денсаулықты сақтап, нығайтудың жайын отбасылық жалпы қоғамдық-әлеуметтiк жағдай, тәлiм-тәрбие, салауатты өмiр, ас-су, бой-бас күтiмi мәселелерiмен қатарластыра, ұштастыра алып жүрудi көздейдi. Бұл ретте журнал өзi шыққаннан берi береке-бiрлiк, сыйластық, ұрпақ тәрбиесi, салт-дәстүр сияқты ұлт үшiн, ұлттың болашағы үшiн маңызды жәйт-жағдаяттарды жан-жақты әңгiмелеп келедi. Аурудан сақтанып, емделiп, жазылу жөнiнен кеңес беруде журнал жаңа - 2014 жылда да негiзiнен кешендi бағыт ұстанады. Әр ағзаға тән сырқат түрлерiнiң (жүрек аурулары, өкпе аурулары, көз аурулары, т.б.) пайда болу себептерiнен бастап белгiлерiне, анықталу, емделу тәсiлдерiне дейiн қамтып көрсетуге тырысады. Бұл ретте ғылыми медицина мен халық емшiлiгiнiң, шөппен, сумен, балшықпен емдеудiң, гомеопатиялық ем-домның мүмкiндiктерi оның бетiнде қазiр де нақты түрде баяндалып келедi. Осы орайда журнал медицина оқу орындары қазақ бөлiмiнiң студенттерi үшiн де көмекшiлiк қызмет атқара бастады. Аурудың алдын алуда да, емделiп-жазылуда да жұғымды тамақтана бiлудiң жөнi бөлек. Осыны ескере отырып журнал «Салауаттылық сабақтары» айдарымен ем-домдық және әдеттегi ас-судың пайдасы мен зияны, ұлттық шығыстық және еуропалық негiзгi тағам түрлерi мен олардың дайындау тәсiлдерi тұрғысында келелi сөз қозғап жүр. Осыған байланысты айта кетер жәйт - алда нәрестенi емiзу мен қолдан тамақтандырудың ретi, жай-жапсары, жалпы ана мен бала күтiмi «Отбасы және Денсаулық» жазатын негiзгi мәселенiң бiрi болмақ. Журнал редакциясы осы ретте қазақ Тағамтану академиясымен бiрлесiп, алдағы 2014 жылға арнайы iс-шаралар белгiлеп отыр. Қолы шипалы дәрiгерлер мен халық емшiлерiн, олардың емдейтiн сырқат түрлерiн жұртшылыққа таныстырып, хабарлап отыруды да журнал ұдайы назарда ұстайды. Ал жаңа емдiк тәсiлдер мен дәрi-дәрмектi, емдеу iсiндегi, медициналық сақтандырудағы озат тәжiрибенi, шипалы балшық пен судың қасиетiн, қолдану әдiстерiн беру арқылы алдағы уақытта басылым дәрiгерлердiң, денсаулық сақтау саласындағы басқа да қызметкерлердiң кәдесiн өтемек. Сондай-ақ журналдың емдеу мекемелерi мен медицина оқу орындарында қазақ тiлiн қолданысқа кiргiзудегi, маман даярлаудағы оңды бастамалар мен кемшiлiк, кедергiлерге көңiл бөлуi дәрiгер-педагог қауымға көмегiн тигiзерi анық. Денсаулық сақтаудың әлеуметтiк тiндерi тұрғысында келер жылы «Отбасы және Денсаулық» елдi мекендердiң, аурухана, емхана, шипажайлық емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң, тұрмыстық қызмет, сауда-саттық орындараның тазалығына, гигиеналық жай-күйiне назар аударады. Сырттан келiп жатқан дәрi-дәрмек, азық-түлiк, киiм-кешек, ойыншық, басқа да бұйымдардың залалды-залалсыздығы жөнiнде тиiстi сараптамалық тексеру қорытындыларын жүйелi жариялауға күш салады. Ауаның, судың, топырақтың ластануы мен жер сiлкiнуi, қар көшкiнi, су тасқыны сияқты төтенше апаттардан сақтану, қорғану жөнiнде әңгiмелейдi. Жастардың, жеткіншектер мен бөбектердің тәрбиесіне қатысты материалдар берiп тұру да басылымның отбасылық мән-маңызын арттыра түседi деген ойдамыз. Шығын әңгiме, өлеңдер, өткiр әзiл-сықақтар, дайджестiк материалдар жариялау алда да назарда ұсталады. Отбасылық кеңесшi мiндетiн атқаратын журналдың жоспарында жаңа отбастарының құрылуына дәнекер болу да бар. Осы мақсатта 2014 жылы онда қыз-жiгiттердiң танысуына арналып, арнайы бөлiм жарық көрiп тұрмақ. Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiне келсек, «Отбасы және Денсаулықты» қолдағаныңыз, түптеп келгенде ұлттың тұрмысы мен саулығын қолдағаныңыз. Оның жан салып айтатыны, жар салып насихаттайтыны - сол. Әр адамға, әр үйге пайдалы отбасылық басылымды жаздырып алыңыз. Оған «Казпочта», «Евразия пресс», «Эврика пресс», «Ернур пресс», "Дауыс" баспасөз тарату жүйелерінің кез-келген бөлімшесінен жазыла аласыз. Жазылу бағасы мекеме, кәсіпорын үшін де, жеке адам үшін де бірдей.

ЖУРНАЛҒА 2014 ЖЫЛҒА ЖАЗЫЛУ БАҒАСЫ

Алматыда                                        Басқа қалаларда                       Ауылда 

1 айға 228 теңге 31 тиын              232 теңге 65 тиын                236 теңге 27 тиын

6 айға 1369 теңге 86 тиын            1395 теңге 90 тиын             1417 теңге 62 тиын 

12 айға 2739 теңге 72 тиын          2791 теңге 80 тиын             2835 теңге 24 тиын

 Индекс: 75621

Просмотров: 596 | Добавил: Sakura | Теги: бала тәрбиесі туралы басылым, отбасы туралы басылым, Баспасөзге жазылу, қазақ тілдегі журналдар, ұлттық салт-дәстүр туралы, денсаулық туралы басылым | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей