Понедельник
29.04.2024
20:47
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Апрель » 11 » ТҰЛҒАНЫ ҚАЛАЙ ДА ТІК ҰСТАУ КЕРЕК
14:11
ТҰЛҒАНЫ ҚАЛАЙ ДА ТІК ҰСТАУ КЕРЕК

Адамның сырттай кеудесін көтеріп жүруіне көп нәрсе байланысты деген пікір бостан-бос туған емес. Адамдағы 26 омыртқа оның әрбір қозғалысын орайластырып отыратыны белгілі. Кейде босаңсып, еркін керілген кезіңізде де бұлшық еттер мен буындарыңыз сіздің салмағыңызды ұстап тұрады. Бойыңызды тік ұстамау түптің-түбінде ағзаға түсетін әртүрлі салмақтардың тең бөлінбеуіне әкеледі. Осыдан да адам кейде тез шаршап, бел омыртқада созылмалы сырқаттың (белдің үнемі ауырып жүруі) , бастың жиі солқылдап ауыруы секілді, т.б. қолайсыздықтарға ұрындыруы мүмкін жағдай. Омыртқа жоталарындағы дұрыс иіліп, бүгілу негізінен S әріпне ұқсас. Иіліп-бүгілу қозғалысы алдымен мойын омырытқадан бастау алып, кеуде тұсқа келеді, сосын төменгі бел омырытқаларға ұласады. Осы айтылғандардан өзгеріске ұшыраған иіліп, бүгілу қозғалыстарының қай-қайсылары да дене дұрыс қалыптаспағанын көрсетеді. Қазіргі тұрмыс-жағдайы дене құрылысының дұрыс қалыптасуына кәдімгідей бөгет жасап отыр деуге негіз бар.  Әрбір адам ноутбук пайдаланып, екінің бірі автомобиль тізгінін ұстаған мына заманда белді қисынсыз бүгіп, бүкшимеске шара жоқ... Сіздің ұзақты күні жұмыс столынан бас алмай  еңбек етуіңіз, сөйте отырып, дұрысталып отыруды есте сақтамауыңыз, мойыныңыздың құрысуына, беліңіздің төменгі жағы мен иық тұстарыңызда ауру сезімінің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Бүкіл салмақты құйымшаққа түсіріп, осылай ұзақ отыру - үлкен қателік. Ал осы отырыстан қашып, денені дұрыс ұстап, «штатив-тренога» ( мосы ағашының үш тағанын көзге елестетіп көріңіз) жаттығуын жасасаңыз, көп қолайсыздықтардан құтыласыз. Бұл жерде сіздің екі аяғыңыз екі түзу тіреудің ролін атқарады да, кеудеңіз оның үшінші тіреуі саналады. Осы сәт сіз күштің тек құйымшаққа ғана емес, белге де бөлініп, өзіңіз жасаған мосыға тең түскенін сезесіз.

Басты төмен ие отырып, оқу дағдысы

Сіздің компьютеріңіздің экраны төмен орналасқан болса немесе ұзақты күні қағазға үңіліп, төмен қарап отырып қалсаңыз, міндетті түрде мойынға шамадан тыс күш түседі. Неғұрлым төмен енкейген сайын, мойынға түсетін қысым күшейеді. Бұл бастың ауруына, белдің сырқырауына әкеледі. Әрине, сіз ауырған жерлеріңізді біле тұрып, жұмысыңызды тастай қашпайсыз. Дегенмен, компьютердің экранын өзіңіздің ыңғайыңызға қарай орайластырып қойып, ара-тұра жұмыстан бас көтеріп, беліңізді тыныс беріп, демалып қоюыңызға болады емес пе? Сосын денені қолайлы қалыпта ұстауға тырыссаңыз, бұл айтылған келеңсіздіктерден оңай құтыласыз. Өзіңіз пайдаланатын монитордың сіздің тура қараған қалпыңыздан 15 см төмен тұруын қадағалаңыз. Егер қағазға үңіліп, телефонмен сөйлесуге тура келсе, өзіңіз олардың тұрған ыңғайына қарай төменшіктей бермей, қайта оларды өзіңізге қарай жақындатып ұстаңыз.

Ауырды көтеру

Сөмкеңізге бүкіл керек-жарағыңызды салып алып, тасып жүру сіздің омыртқаларыңызға артық салмақ түсіреді. Осыдан иықтарыңыздың да қисайып кетуі ғажап емес. Тым ауыр сөмке омыртқаға салмақ салып, бұлшық еттеріңіздің асқан қысыммен жұмыс істеуіне әкеліп соғады.

Назар аударыңыз: әркез қанша салмақ көтеріп жүргеніңізді біліңіз. Қандай сөмке ұстасаңыз да оның ауырлығы сіздің дене салмағыңыздың 20 % тең келуі тиіс.

Егер ауырлық көтерген кезде 10 минуттан кейін-ақ болдырып қалсаңыз, міндетті түрде өзіңіз көтеретін жүкті теңдей етіп екіге бөліп, екі қолға ұстауға ұмтылыңыз.

Рульде отырсаңыз...

Жұмсақ, шөміш секілді орындық отыруға қанша қолайлы десеңіз де, мұның сіздің беліңізге зияны барын біліңіз. Мұны бір күн ұзақты күні машина рулінде отырып,   ертеңіне ұйқыдан тұрғанда белін бүгіп-жазуы қиынға соққан кез-келген «водитель» расқа шығарады. Тіпті, аз ғана уақыт машина жүргізіп, дұрыс отыруыңызды ескермесеңіз, бел омырытқаңыз ауыруы әбден мүмкін жай. Машина жүргізген кезде дұрыс отыруды назарда ұстаңыз. Бел тұстарындағы бұлшық еттердің дұрыс жұмыс істеуіне ерік беріңіз. Машинаның орындығының өзіңізге қолайлы, әрі қалыпты жағдайда тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұл сізге көлігіңіздің керекті тетіктерін дәл басуға мүмкіндік береді. Тура, талапқа сай отыруыңыз сізді көп қолайсыздықтардан сақтайды.

С. Каримова

Просмотров: 2021 | Добавил: Sakura | Теги: сколиоз, бас ауруы, бел ауруы, денені тік ұстау, бұлшық еттерінің ауруы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей