Суббота
04.05.2024
03:07
Приветствую Вас Гость
RSS
 
"Отбасы және Денсаулық" журналы
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Главная » 2014 » Апрель » 10 » ВАГИНИЗМ
22:16
ВАГИНИЗМ

Вагинизм  -  жыныстық  қатынасқа  кедергі   жасайтын,  қынап  пен  жамбас  қуысы  бұлшық  еттерінің  сіресіп,  жиырылуы.  Бұл  ұзақ  жылдарға  созылатын  виргогамияның  (жыныстық  қатынассыз  неке)  себебінен  болып  табылады.  Кейде  бұл  зорлықтың  немесе  алғашқы  етек  қатынасының  ауру  сезімімен  өтуімен  және  осы  тұма  қатынас  тұсындағы  серіктесінің  дөрекі  іс-қимылымен  де  байланысты  шығуы  мүмкін.   Бірақ,  көбінесе,  вагинизм  кезінде  ердің   әйелімен  төсек  қатынасына  түсердегі  батылсыз  мінезі  және  зайыбының  ренжігіш,  алаңдаушылық,  эмоционалдық,  тұрақсыздық  қаситеттері  де   бұған  басты  себеп.  Сондай-ақ,  дәрігердің  анықтауы  кезінде,  науқастардың  көбісінде  бала   кезінен  әртүрлі  қорқынышты  жағдайларды бастан  өткізгендігі  (ауру  сезімінен,  қараңғылықтан,  биіктен,  судан  т.б.  қорқу)   анықталады.  Ауру  сезімінен  қорқу   эмоционалдық   қобалжумен  қатар  жүреді.  Кейбір  сырқаттарда  үнемі  ұйқының  бұзылуы ,  торығулар  байқалады.   Ерлізайыптардың  некеге  отырғанға  дейінгі,   ұзақ  жылдарға  созылған,  мектептен  келе  жатқан  айнымас  достық  қарым-қатынасы   да    вагинизмнің   дамуына әкелу  мүмкін.

Көп  жағдайда  мұндайда  әйелі  күйеуін  "мінсіз":  өзін  жақсы  көретін,  мәпелейтін,  жұмсақ  мінезді,  бағынғыш   адам  ретінде  бағалайды.   Кейде  күйеу жігіт  отбасында  өзінің  кез-келген  тілегі  сөзсіз  орындалатын  ерке  баланың  ролін  атқарып жүреді .   Осындай  кезде,  әйел  адам  да,  күйеуінің   көңілін  өзіне   көбірек  аударту  үшін,   науқастың  кейпіне  түседі.   

Вагинизм  әдетте  жыныстық  өмірдің  бастауында  кездеседі.  Бойжеткендердің   қыздық  перденің  жыртылуы  кезіндегі  ауру  сезімінен  қорқулары   бұлшық  еттердің  сіресіп,  жиырылуына  әкеледі.  Сыпайы,  жұмсақ  мінезді  күйеулер  ондай  кезде  серігін  жыныстық  қатынасқа  түсуге  зорламайды.   Келесі  талпыныстар  кезінде  де  осы  көріністердің  қайта  белгі  беруі  мүмкін.  Кейін  вагинизм  гинекологиялық   зерттеулер  кезінде  де  байқала  бастайды.  Вагинизмнің  үш  дәрежесін  айқындауға  болады:

*Бірінші  дәрежесі  кезінде  - реакция  ер  адамның  жыныс  мүшесін  немесе  гинекологиялық  зерттеу  кезінде  құралды  қынапқа  енгізген  кезде  байқалады;

*Екінші  дәрежесі  кезінде - реакция  жыныстық  ағзаларға  бірдеңені  тигізгенде   немесе  тиеді  деп  ойлаған  кезде   байқалады; 

*Үшінші  дәрежесі  кезінде - реакция  жыныстық  қатынасты  немесе  гинекологиялық  зерттеуді  елестеткен  кезден-ақ  басталады. 

Некеде  қыздық  перденің  бұзылмауы,   жыныстық  қатынастың  болмауы,  ерлі-зайыптыларға  өте  ауыр  соғады.  Бірақ,  көбінесе,  олардың  адам  ретіндегі  қарым-қатынастарына  бұл  жағдай  әсер  етпейді.  Вагинизмі  бар  әйелдерді  дәрігерге  қаралуға  өзін  толыққанды  сезінбеуі  немесе  бала  сүюге  ынтығу  ғана  мәжбүрлейді. 

ВАГИНИЗМНІҢ  ЕМІ  ЖӘНЕ  ОНЫҢ  АЛДЫН  АЛУ

Мұны  емдеу  маман-дәрігерден  қажырлылық  пен   шыдамдылықты  талап  етеді.  Күлкіге  айналдыру,  кіналау  және  қорқыту  секілді  "психотерапия"  бұл  жерде  орынсыз.  Негізгі  емдеу  әдісі   - рационалды  және  суггестивті  психотерапия,  сондай-ақ,  жыныстық  қатынас  алдындағы  қорқыныш  сезімі  мен  соның   нәтижесінде  пайда  болатын  бұлшық  еттердің  еріксіз  жиырылуын  жою.  Зерттеуді  жеңілдету   және   жаттығу  сеанстарын  өткізу  мақсатында  науқасқа  іш  бұлшық  еттерін  қатайту  (күшену)  ұсынылады,  ол  жамбас  бұлшық  еттерінің  босаңсуына  әкеледі.

Емдеу  сеанстары  кезінде  науқасты  ауру  сезімі  болмайтынына  сендіріп,  қынапқа   алдымен   бір  саусақты,  кейін  екі  саусақты  немесе  Гигар  кеңейткішін   енгізеді.  Бірте-бірте   одан  да  кең  кеңейткіштерді  енгізе  бастайды.   Кейбір  жағдайда,  өте  айқын  вагинизм  және  жыныстық  қатынастан  қорқу нәтижесінде  қыздық  перде  сақталғанда,  хирургиялық  жолмен  дефлорация   (қыздық  пердені  бұзу)  көрсетілген. 

Психикалық  бұзылыстардың  белгілері  байқалған  жағдайда,  нейролептиктер  мен  антидепрессанттарды  тағайындайды.  

Неке  кезінде  жеңсіктік  ауытқулар  дамымаған  жағдайда,  күйеуімен  әдетте  бір  ғана  психотерапевтік  әңгіме  жүргізген  жеткілікті.   

С. Каримова

Просмотров: 996 | Добавил: Sakura | Теги: вагинизм, неке, әйел, жыныстық қатынас, ер, денсаулық, отбасы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

ИНДЕКС: 75621

Поиск

ТЕЛ.: 8 7781624314
тері аурулары отбасы және денсаулық денсаулық отбасы терінің құрғақтығы неке анорексия артериалды гипертензия жүктілік 40-ынан шыққанға дейiнгi терідегі жаралар ішек дисбактериозы гонорея соз создың (гонореяның) емі жарақаттар андрологтың кеңесі урологтың кеңесі простатит аденома простаты араның шағуы іштің өтуі емі

Календарь
«  Апрель 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Архив записей